top
top
Жаңалықтар

Атыраудағы интеграцияланған газ-химия кешенін дамытуға арналған кадр мәселелері туралы

2020 жылғы 28 ақпанда Атырау қаласында «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI Inc.) С. Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетінде орналасқан Н.Балғымбаев атындағы коммуникацияны дамыту орталығының алаңында «Газ-мұнай химиясына арналған кадрлар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының өңдеу және маркетинг жөніндегі орынбасары – «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС (KPI Inc.) Басқарма төрағасы Данияр Тиесов салынып жатқан интеграцияланған газ-химия кешенінің бірегейлігі, инновациялық шетелдік технологиялар, автоматтандыру жүйесіндегі үздік әлемдік тәжірибелерді қолдану, эксплуатациялық персоналды дайындау бойынша алдын ала жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Негізгі міндеті Қазақстанның газ-мұнай-химия саласы үшін мамандарды тұрақты даярлау процесін құру болып табылатын дөңгелек үстел басында екі жүзден астам қатысушылар, оның ішінде Қазақстан мен таяу шетелдегі оқу орындарының өкілдері жиналды.

KPI компаниясы эксплуатациялық персоналын дайындау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Жаңадан қабылданған қызметкерлер, атап айтқанда, технологтар «Шуртанский ГХК» ЖШҚ (Өзбекстан) өндірістік тағылымдамадан өтті, инженерлік-техникалық құрам «Полиом» ЖШҚ Омск полипропилен өндіру зауытында (Ресей) практиканы қамтамасыз ете отырып, Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінде және Омбы өнеркәсіптік-экономикалық колледжінде полимерлеу процестері бойынша оқудан өтті. Қызметкерлер Атырау МӨЗ тәжірибеден өтуде. Мамандардың тағылымдамасы Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Румыния сияқты кәсіпорындарында, сондай-ақ Lummus Catofin және Novolen process технологиясы бойынша шетелдік қос зауытта жалғасатын болады.

Өз кезегінде, «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Л.Ахмурзина қауымдастықтың мұнай-газ және энергетика салалары үшін кадрлар даярлау, сондай-ақ «KAZENERGY» қауымдастығының Білім беру бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын басқа да жобалар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы айтып берді.

KPI барлық қызметкерлері өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау курстарынан тұрақты түрде өтеді. Бүгінгі күні жұмысқа қабылданған техниктер санының 95%-ын жастар құрайды. Олардың 46-ы қазақстандық және шетелдік ЖОО түлектері (40 – ҚР, 5 – РФ, 1 – Франция).

Д.Тиесов ғылыми орта өкілдеріне Қазақстанның газ-мұнай-химиялық саласына арналған химик-технологтарды дайындау үшін оқу орталығын құру туралы ұсыныс жасады, сондай-ақ, полипропилен өндірісі үшін мұнай-химиктерді мақсатты түрде дайындау және оқу бағдарламаларына «Полимерлеу процесінің теориялық негіздері», «Мұнай-химиялық синтез технологиясы», «Полимерлер өндірісінің технологиясы» сияқты пәндерді енгізу және жоғары оқу орындары мен оқу-білім беру орталықтары тарапынан әрбір нақты өндіріс үшін ерекшелікті ескере отырып, оқытудың оқу бағдарламаларын әзірлеуге елеулі көзқарас қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша KPI мен Шуртан газ-химия кешені (Өзбекстан) арасындағы, KPI мен Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті (Ресей) арасындағы стратегиялық әріптестік туралы Меморандумға және С.Өтебаев ат. Атырау Мұнай және газ университеті және KPI компаниясы арасындағы оқу орталығын құру туралы келісімге қол қойылды.

949A8395@.jpg

949A8077@.jpg

IMG_9909@.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.