top
top
Жаңалықтар

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Энергетика комитетінің отырысы

Ағымдағы жылғы 30 қыркүйекте «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Энергетика комитетінің кезекті отырысы онлайн форматта өтті.

Күн тәртібінде экологиялық мәселелерге және Қазақстанда жаңартылатын жасыл энергетиканы дамытудың келешегіне, осы заңнама саласындағы ағымдағы ахуал мен жоспарланған реформаларға баса назар аударылды. Талқыланған тақырыптардың бірі «Қоршаған ортаға әсерін барынша азайта отырып Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту» жобасын оның газға көшу келешегін ескерумен іске асыру болды.

Сонымен қатар «Жаңартылатын энергия көздерін және электр энергетикасын пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының Жобасына ұсыныстар мен түзетулер - баламалы энергетиканы дамыту және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы экологиялық заңнаманы реформалау тұрғысынан ең өзекті мәселелер талқыға салынды.

Презентация көрсетілгеннен кейін қатысушылар елдің халықаралық міндеттемелері тұрғысынан орта және ұзақмерзімді келешекке электр энергетикасының перспективалы мақсаттық модельдерін әзірлеу және жаңартылатын энергия көздерін ілгерілетуді зерделеу мен экологиялық сын-тегеуріндерді шешу қажеттігін атап өтті.

Нақтылау мақсатындағы сұрақтардан кейін кездесу қорытындыланды. Энергетика комитетінің Төрағасы Алмасадам Сатқалиев қатысып отырғандарға белсенді атсалысқандары үшін алғысын білдірді және олардың барлығын осы перспективалы бағыттағы жұмысты жалғастыруға шақырды.

DSC_1260@.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.