top
top
Жаңалықтар

«Жаңа карта: энергия, климат және халықтар қақтығысы»
Пулитцер сыйлығының лауреаты Дэниел Ергин KAZENERGY алаңында жаңа кітабын ұсынды

Jacket_The_New_Map@.jpg2020 жылдың 10 қарашасында Дэниел Ергиннің «Жаңа карта: энергия, климат және халықтар қақтығысы» кітабының онлайн тұсаукесері өтті.

Аталған іс-шара KAZENERGY Қауымдастығы мен IHS Markit қолдауымен, бірлесіп өткізілді.
Пулитцер сыйлығының лауреаты Дэниэл Ергин жаңа кітабында COVID-19-ға байланысты саяси шиеленістер мен ауыр сынақтардың эпицентріндегі энергетика туралы пікірімен бөліседі. «Жаңа карта» 2020 жылы әлемдік жағдайға қатты әсер ететін жасырын қозғаушы күштерді жарыққа шығарады. Автордың өз еңбегінде қарастыратын аспектілері алдағы жылдардағы жаһандық экономика мен саясатты қалыптастыру процестеріне айтарлықтай әсер етеді.

Дэниел Эргин өз сөзінде KAZENERGY-ді 15 жылдығымен құттықтап, Қазақстандағы мұнай-газ секторын ілгерілетудегі және дамытудағы қауымдастықтың маңызды рөлінің жемісті жұмысын атап өтті.

KAZENERGY Бас директоры Болат Ақшолақов Қауымдастық атынан IHS Markit-ке және Даниэль Ергинге іс-шараны өткізуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді. Ол Ергин мырзаның энергетика, халықаралық саясат және экономика саласындағы танымал сарапшы екенін атап өтті. Әлемдік бестселлер болған және 17 тілге аударылған «Өндіру: мұнай, ақша және билік үшін күрестің дүниежүзілік тарихы» кітабы үшін ол Пулитцер сыйлығын алды.

«Біз жаңа кітабыңызды алғашқылардың бірі ретінде бізге ұсынғаныңызды өте жоғары бағалаймыз. Бұл кітаптың жарыққа шығуы, әсіресе, қазіргі қиын уақытта өте маңызды», - деді Ақшолақов. «IHS Markit пен KAZENERGY ынтымақтастығы көптеген оқиғаларды қамтиды. KAZENERGY қауымдастығы шығаратын ұлттық энергетикалық баяндамалар сала сарапшыларының Қазақстан мен әлемдегі энергетика саласының ағымдағы жағдайы мен даму перспективаларын түсінуінде маңызды құралға айналды. Біздің алдағы жұмысымыз ұйымдарға, компанияларымызға - қауымдастық мүшелеріне жаңа дивидендтер әкеліп, Қазақстандағы сараптамалық бағалауды дамытуға ықпал етеді деп сенеміз».

Дэниел Ергин аудиторияны өз кітабының басты идеясымен және мазмұнымен, атап айтқанда, әлемдегі және энергетикалық саладағы ағымдағы жағдайды егжей-тегжейлі таныстырды. Автордың пікірінше, қазіргі уақытта әлемнің «Жаңа картасын» жасайтын энергетикалық салада, климаттық жағдайда, геосаяси жағдайда түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Ергин Мырза Париж климаттық келісімін қабылдауға байланысты әлемнің дамудың жаңа дәуіріне енуінің ерекше маңыздылығын атап өтті.
Автор қатысушылардың назарын Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөліне, энергия ресурстарын жеткізуді қамтамасыз етудің маңыздылығына аударды.

Презентацияға Қазақстанның мұнай-газ секторының сарапшылары мен өкілдері қатысты.

Анықтама:
Дэниел Ергин – энергетика, халықаралық саясат және экономика саласындағы танымал тұлға. Автор «Өндіру: мұнай, ақша және билік үшін күрестің дүниежүзілік тарихы» [The Prize: the Epic Quest for Oil, Money, and Power], «Квест: энергетика, қауіпсіздік және қазіргі әлемді қайта құру» [The Quest: Energy, Security, and the Remaking of the Modern World] и «Екіге жарылған әлем: қырғиқабақ соғыстың ізі» [Shattered Peace: The Origins of the Cold War] бестселлерлері үшін Пулитцер сыйлығын алды. «Командалық биіктер: әлемдік экономика үшін күрес» [Commanding Heights: The Battle for the World Economy] кітабының тең авторы. IHS Markit вице-төрағасы.

«ЖАҢА КАРТА» төмендегілер туралы баяндайды:
  • ХХІ ғасырда АҚШ-та энергетика төңкерісі қалай болды – тақтатас төңкерісі – бұл елдің әлемдік аренадағы жағдайын өзгертті. АҚШ Ресей мен Сауд Арабиясынан озып, мұнай мен газ өндіруде әлемдік көшбасшы болды, бұл әлемдік энергетикалық нарықта түбегейлі өзгерістерге және жаһандық геосаясаттың өзгеруіне әкелді. Бұл қалай жүзеге асты? Содан кейін коронавирус тақтатас саласын дағдарысқа қалай душар етті (және ол одан қалпына келе ме)?
  • Климат проблемаларына қатысты алаңдаушылық энергетика картасын қалай өзгертеді және қазбалы отыннан жаңартылатын көздерге (қазіргі болжамдарға қарағанда) кеңінен талқыланатын «энергияға көшу» іс жүзінде қалай қалыптасуы мүмкін.
  • Коронавирус қазіргі мұнай әлеміндегі басым «Үлкен үштіктің» – АҚШ, Сауд Арабиясы және Ресейдің энергия нарығын және болашақ рөлдерін қалай өзгертті.
  • Бір жағынан АҚШ пен екінші жағынан Ресей мен Қытай арасындағы жаңа қырғиқабақ соғыстар қалай және неге өршіп тұр, онда энергия қандай рөл атқарады – бұл «екі оттың арасында» тұрған елдер үшін нені білдіреді.
  • АҚШ-Қытай қарым-қатынасы қаншалықты тез (және қауіпті) өзгереді – «өзара әрекеттесуден» «стратегиялық бәсекелестікке» дейін-және неге энергия мұндай дамуды түсінудің кілттерінің бірі болып табылады.
  • Қазіргі уақытта әлемдік мұнай көлемінің үшінші бөлігін және табиғи газдың едәуір үлесін қамтамасыз ететін Таяу Шығыстағы жағдай қаншалықты тұрақсыз.
  • Ілгерілеудің жаңа модельдері ретінде революция ғасырлық тарихы бар мұнайды көлікте қолданудың «экожүйесін» қалай сын-қатерге ұшыратады.
Дэниел Ергиннің жаңа еңбегі жоғарыда айтылғандарға ғана емес, басқа да көптеген сұрақтарға жауап береді. Бұл біздің барған сайын күрделі әлемімізді түсіну үшін міндетті түрде оқылатын кітап және болашаққа апаратын жолды белгілейтін таптырмас жол картасы.

PHOTO-2020-11-10-18-47-41 (1).jpg

PHOTO-2020-11-10-18-42-32.jpg

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.