top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталған мұнай-газ және энергетика салаларының қызметкерлерін құттықтады.

2020 жылғы 14 желтоқсанда онлайн форматта Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жиналыста құттықтау салтанаты өтті.

Жиналғандарға арнаған сөзінде Тимур Құлыбаев пандемия әлемдік экономикаға теріс әсер еткеніне қарамастан, Қазақстанның мұнай-газ саласы тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті. Бұл - сала қызметкерлерінің үлкен еңбегінің нәтижесі. Олардың қатарында бүгін «KAZENEGY» қауымдастығы мен «Атамекен» ҰКП-да өткен онлайн іс-шараға қатысқандар да бар. Оларды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары мемлекеттік наградаларымен құттықтап, кәсіби табыс тіледі.

Іс-шара барысында төмендегі тұлғалар сөз сөйледі: ҰКП тексеру комиссиясының төрағасы (Нұр-Сұлтан) Н.Б.Құдайбергенов, «ҚазҚұрылысСервис» МГҚК» бас директоры (Алматы) С.Ж.Жанасов, «ПМХЗ» ЖШС ауыр мұнай қалдықтарын қайта өңдеу өндірісінің битум өндіру қондырғысының бастығы (Павлодар) Коняхин Д.В., «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма Төрағасының экономика жөніндегі орынбасары (Атырау) Р.Н.Тасмағамбетова, «The Boss Media Group» ЖШС компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы (Алматы) М.А.Барышев, «Қаражанбасмұнай» АҚ газ цехының 5-разрядты газ жабдығын пайдалану және жөндеу слесарі (Актау) Әлжанов Нұрберген, «Казатомөндіріс» ҰАК» АҚ Басқарма мүшесі (Нұр-Сұлтан) Б.М.Ибраев.

Жоғары наградалармен марапатталғандар:

«Парасат» ордені
Құдайбергенов Нұрлан Баязитұлы, «Атамекен» ҚР ҰКП Тексеру комиссиясының Төрағасы.

2-дәрежелі «Достық» ордені
Лазар Оливье, «Шелл Қазақстан» Басқармасының төрағасы, «Роял Датч Шелл» Вице-президенті.

«Құрмет» ордені
• Абдрахманов Нұрмахан Исалханұлы, «Alageum Electric» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы;
• Абдығұлова Найля Өмірзаққызы, «ҚазТрансГаз» АҚ аппарат басшысы;
• Бексары Жаңабай Мұратбекұлы, «КЕGОС» АҚ аппарат басшысы;
• Жанасов Сәбит Жәңгірұлы, «ҚазҚұрылысСервис» МКҚК» АҚ бас директоры/Басқарма Төрағасы;
• Зайцев Роман Романович, «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГІЛІК КОМПАНИЯСЫ» ЖШС нормативтік-құқықтық реттеу жөніндегі аға кеңесшісі;
• Ибраев Бауыржан Мұхтарханұлы, «Қазатомөндіріс» ҰАК» АҚ ЯЖЦ жөніндегі бас директоры, Басқарма мүшесі;
• Назаров Марис Шамсудинұлы, «Меридиан Петролеум» ЖШС Бас геофизигі;
• Тасмағамбетова Рысты Нұрғалиқызы, «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма Төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары;
• Юсупов Ғабиден, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ облыстық электр желілері басқармасының бас инженері;


ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені
• Кемелов Мақсот Аққуанұлы, «Өріктау Оперейтинг» ЖШС бұрғылау және ұңғымаішілік жұмыстар бөлімінің бастығы
• Құтмамбетов Мажет Сакенұлы, Заместитель директора департамента добычи нефти и газа - «Қазгермұнай» БК» ЖШС Нұралы/Ақсай өнеркәсібінің бастығы;
• Лошадкин Александр Витальевич, «Қаратау» ЖШС Қаратау кенішінің аффинаж өндірісінің бастығы;
• Маямеров Болат Нұржұманұлы, Екібастұз ГРЭС – 1 электр цехының жабдықтарын жөндеу бойынша аға мастер;
• Свидерский Виктор Райгнатович, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС өндірістік персоналының НПС-8 өндірістік учаскесінің ауысым инженері.

«Ерен еңбегі үшін» медалі
• Арыстанов Бауыржан Пірімтайұлы, «КЕGОС» АҚ пайдалану департаментінің директоры;
• Ахмұрзина Ляззат Жексенбайқызы, «KAZENERGY” қауымдастығының атқарушы директоры;
• Барышев Максим Анатольевич, Алматы қ. Өңірлік кеңесінің Төрағасы, директор ТОО «The Boss Media Group» ЖШС директоры;
• Закариянов Ербол Қызайбайұлы, «Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директорының орынбасары;
• Коняхин Дмитрий Владимирович, «Павлодар мұнай-химия зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауыр мұнай қалдықтарын қайта өңдеу өндірісінің битум өндіру қондырғысының бастығы;
• Набиев Нұрлан Абзалұлы, Павлодар облысы Кәсіпкерлер құқығын қорғау Кеңесінің Төрағасы.

ҚР Құрмет грамотасы

• Әлжанов Нұрберген, «Қаражанбасмұнай» АҚ газ цехының 5-разрядты газ жабдығын пайдалану және жөндеу слесарі;
• Ізтұрғанова Дәмет Ходырходжақызы, «Қаражанбасмұнай» АҚ ғылыми-зерттеу өндірістік жұмыстар цехының ұңғымаларды зерттеу жөніндегі инженері;
• Құрманғазин Есімхан Ақнаурызұлы, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер және жұмыс берушілер қауымдастығы» ҚБ Басқарма Төрағасы;
• Пустовойтенко Виталий Васильевич, «Астананы тұрақты дамыту орталығы» ЖШС директорының орынбасары;
• Тоғызбаев Бақыт Құдайбергенұлы, Бас директор – ТОО «KAZPETROL GROUP (КАЗПЕТРОЛ ГРУП)» ЖШС;
• Шекеева Жанар Әзімбекқызы, «Алматы электр станциялары» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбек қорғау басқармасының бас маманы.

Без-названия-(7).jpg

IMG_5228.JPG

IMG_5187.JPG
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.