top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY “Энергия – өмір көзі” жастар анимациялық және танымдық видеооликтер байқауының қорытындысын шығарды.

27 қаңтарда энергетикалық секторды дамыту және адам өміріндегі көмірсутек шикізатының рөлі мәселелеріне арналған анимациялық және танымдық видеороликтердің жастарға арналған байқауы аяқталды.

Ережеге сәйкес, шараға 15-22 жас аралығындағы жоғары буын оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Қазақстанның барлық өңірлерінен Қауымдастық атына 130-дан астам туынды келіп түсті.

Қазылар алқасы атап өткендей, роликтер энергетикалық сектор тарихы мен мәселелеріне қатысушылардың тамаша дағдылары мен білімдерін көрсетті. Жіберілген видеоматериалдардың мазмұны мен сапасы болашақ мамандардың тамаша техникалық дағдыларын көрсетті.

Жіберілген материалдардың жоғары деңгейін, жұмыстың мазмұны мен сапасын ескере отырып, Байқау финалына 27 қатысушы өткізілді, KAZENERGY жоғары қазылар алқасына жеңімпаздарды анықтау оңай болған жоқ.
Нәтижесінде 5 қатысушы «Энергия – өмір көзі» байқауының жеңімпазы атанды, 1 қатысушы Қауымдастықтың ынталандыру сыйлығына ие болды.

Төмендегі қатысушылар «Энергия-өмір көзі» атты анимациялық және танымдық видеороликтер байқауының жеңімпаздары атанды:
1-орын - Безруков Юрий, 03.09.2002 ж.т., Қазтұтынуодағы Павлодар Жоғары экономикалық колледжі;
2-орын – Түгелбай Әлия, 05.05.2002 ж.т., Л.Н.Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті;
2-орын - Готфрид Артур, 09.05.2005 ж.т., «№17 жалпы білім беретін саралап оқытатын бейіндік орта мектебі» ММ, Павлодар қ.;
3-орын – Жалғасбаев Нұрислам, 12.10.2000 ж.т., Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті;
3-орын – Нұрланова Амина, 28.05.2004 ж.т., Әділ Ахмедиев 25.03.2004 ж.т., «Alem Media» Видео, Фото, Блоггинг мектебі;
Ынталандыру сыйлығын Бекет Аружан иеленді, 03.12.2003 ж.т., Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Вебинарлар аясында ең белсенді қатысушылар анықталып, оларға «Тәуелсіз Қазақстанның мұнайы мен газы» кітабы табыс етілді.

Байқаудың барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі.

Байқауға қатысушылардың үздік роликтері ресми youtube-арнасында жарияланады: https://www.youtube.com/user/KAZENERGY1

KAZENERGY қауымдастығы байқаудың барлық қатысушыларын құттықтап, оқуда табыс тілейді.

$R83BS99.jpg

$RSY28A0.jpg

$RUY6U6L.jpg

$RPWUY5V.jpg  
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.