top
top
Жаңалықтар

Қазақстандық Министрлік сессиясы АҚШ-та 23-ші Дүниежүзілік мұнай конгресінде өтті

Сессия 2021 жылғы 7 желтоқсанда Хьюстонда өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Дүниежүзілік мұнай кеңесінің Ұлттық комитетімен бірлесіп ұйымдастырды. Сессия Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтті.
Іс-шараны өткізуге шақыру ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиевке жіберілді, ол ҚР Үкіметінің атынан ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков бастаған делегацияны жіберді.

Сессияны KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев басқаратын Қазақстанның ұлттық комитеті ұйымдастырды. Олар: Жамбыл Сәрсенов, KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары, Димаш Досанов, "ҚазТрансОйл" бас директоры, Кевин Лион, ТШО бас директоры.
Конференция барысында қазақстандық делегация өкілдері энергетикалық көшуді қамтамасыз ету, декарбонизация, энергетикалық қауіпсіздікті, технологияларды дамыту, кен орындарындағы жаңа өндірістік көрсеткіштер және халықаралық ынтымақтастық перспективалары сияқты мәселелерді көтерді.

Конференция IHS Markit барлау және өндіру жөніндегі бас талдаушы Боб Фрайкландтың басшылығымен өтті. Конференцияны ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков "Қазақстанның мұнай-газ саласының даму стратегиясы мен келешегі"тақырыбымен ашты. Вице-министр құттықтау сөзінде ынтымақтастықты дамыту үшін Қазақстанның энергетикалық секторындағы әлеуетті салалар туралы айтты.

"2030 жылға қарай Қазақстан күніне 2 миллион баррель немесе жылына 100 миллион тоннадан астам мұнай деңгейіне жетуді жоспарлап отыр...сондай-ақ, жылдық газ өндіру шамамен 85 млрд м3 және электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінің шамамен 15%-ына жетеді" деп атап өтілді.
Сондай-ақ, Жүребеков Қазақстан Үкіметі заңнамалық базада маңызды реформалар жүргізе отырып, инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін барлық жағдайды белсенді қолдайтынын және жасайтынын атап өтті.

"ҚазТрансОйл" компаниясының бас директоры Димаш Досанов Қазақстан Республикасында мұнай тасымалдау бойынша экспорт пен транзиттік әлеуетті дамыту туралы айтып берді. Спикер магистральдық мұнай құбыры бойынша ҚР Ұлттық операторы 2030 жылға қарай өзінің басты міндеті ретінде тұрақты дамуға ұмтылу, өндірістік қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, өндірістік активтерді басқару екенін атап өтті.

ТШО бас директоры Кевин Лион өз сөзінде Теңізшевройл келешегі мен инновациялары туралы айтып берді. "ТШО цифрлық трансформация саласында үлкен прогреске қол жеткізді. Мен қазірдің өзінде іске қосылған цифрлық шешімдердің мүмкіндіктеріне таң қаламын. Цифрландыру біздің бизнестің дамуына ықпал ететін негізгі фактор болғаны және болып қала беретіні анық. 2020 жыл біз цифрландыруды операциялық модельге толығымен енгізген кезде бетбұрыс болды. Енді цифрлық мүмкіндіктер тиімділік нәтижелеріне сілтеме жасау арқылы келісілді, бұл дұрыс басымдықтарды анықтауға және өнімділіктегі бәсекелестік арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізуге кепілдік береді".
IHS Markit барлау және өндіру жөніндегі бас талдаушысы Боб Фрайкланд Қазақстандағы мұнай-газ саласының дамуы туралы жаһандық мәнмәтінде баяндама жасады, сондай-ақ IHS Markit Kazenery қауымдастығымен бірлесіп дайындаған ұлттық энергетикалық баяндама-2021 негізгі қорытындылары туралы хабардар етті.
Сессия министрліктер басшылары, халықаралық мұнай-газ ұйымдары, Дүниежүзілік мұнай кеңесі ұлттық комитеттерінің қатысушылары, сарапшылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.

Қазақстанның ДМК ұлттық комитеті соңғы рет 2017 жылы Ыстамбұлда өткен XXII конгреске қатысты. Жалпы, Қазақстан XIX, XX, XXI конгрестердің жұмысына қатысты. Осы конгрестер шеңберінде Қазақстанға арналған сессиялар өткізілді, сондай-ақ арнайы көрме стендтері ұсынылды.

Whats1jpg.jpg

WhatsApp2.jpg

WhatsApp3.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.