top
top
Жаңалықтар

Спорт, бизнес, энергетика қайраткерлеріне Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жоғары марапаттар берілді

Бизнес-қоғамдастық, спорт, мұнай-газ, атом, электр энергетикасы секторларының өкілдеріне жоғары мемлекеттік наградаларға: «Барыс», «Парасат», «Достық», «Құрмет», «Еңбек Даңқы» ордендері, «Ерен еңбегі үшін» медалі және Құрмет грамоталары табыс етілді.

Марапатталғандарды Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтай отырып, «Қазэнерджи» қауымдастығының, «Атамекен» Ұлттық палатасының және Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Тимур Құлыбаев алдағы мерейтойда Қазақстан халқы өз жетістіктерін мақтанышпен атап өтетінін айтып өтті: біз үлкен стратегиялық тәжірибе жинақтап, беріктік қорын жинақтап, ұлттық игілік пен мұраны сақтап, көбейте алдық.

«Сіздерді жоғары мемлекеттік наградалармен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер, бұл наградалар еліміздің барлық өңірлерінде және осы залда айрықша еңбегімен көзге түскен азаматтарға қалыптасқан дәстүр бойынша басты мемлекеттік мереке қарсаңында беріледі. Олар – көп жылдардан бері әрқайсысы өз саласында мемлекетіміздің және егемендігіміздің қалыптасуына үлкен үлес қосқан адамдар. Бүгін біз өз әріптестерімізге: кәсіпкерлік қоғамдастықтың, Қазақстан энергетикасының өкілдеріне, сондай-ақ спорт қоғамдастығының өкілдеріне құрмет көрсетеміз. Сіздердің барлығыңыз нағыз батырларсыз, біз сіздерді мақтан тұтамыз», - деді Тимур Құлыбаев.

Өз кезегінде ҚР Үстел теннисі федерациясының президенті, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті, ҚР Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының төрағасы Данияр Әбілғазин былай деді: «Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында, әрине, мемлекеттік наградамен марапатталу - зор құрмет. Әлеуметтік қызмет өте қиын іс - ол уақыт, күш және қаржыны қажет етеді. Өз әріптестеріме, сіздерге, Тимур Асқарұлы алғысымды білдіргім келеді. Алған награда - қоғам мен елдің игілігі жолындағы бірлескен еңбектің нәтижесі деп санаймын».

Көптеген чемпиондарды және атақты боксшы-олимпиадашыларды тәрбиелеген қоғам және спорт қайраткері, бизнесмен Юрий Цхай III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды, ол жиналғандарға өзінің жылы лебізін арнады: «Баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен – басты мемлекеттік мерекемен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Жоғары марапаттарға ие болғандардың барлығын құттықтаймын. ҰОК-ға отандық спорттың дамуына қосқан зор үлесі үшін алғыс айтамын, рахмет!»

«Жас ұрпақтың атынан бұл үлкен мотивация, үлкен аванс деп айта аламын. Біз мемлекетіміздің игілігі жолындағы жұмысымызды жалғастыра береміз. Баршаңызды келе жатқан мерекемен құттықтаймын», - деді «Қазақстандық жүк теміржол тасымалдаушылары қауымдастығы» ҚҚ бас директоры, «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі» ҚҚ қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары Евгений Больгерт.
Тимур Құлыбаев іс-шараны қортындылай келе, былай деді: «Сіздердің бүгінгі айрықша марапаттарыңыз - ортақ игілік жолындағы адал еңбектеріңіздің жемісі. Баршаңызға зор денсаулық, табыс және бақыт тілеймін!».

DSC_2113.jpg

DSC_2394.jpg

DSC_2385.jpg

DSC_2372.jpg

DSC_2144.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.