top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY қауымдастығы ҚР ЭМ электр энергиясының тарифтері туралы бұйрығына сараптама жүргізуде

KAZENERGY қауымдастығына «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №514 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Энергетика министрі бұйрығының жобасы сарапатамаға келіп түсті.

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының 27 энергия өндіру ұйымы 2023 жылғы 1 маусымнан бастап электр энергиясын өндіруге шекті тарифті түзетуге өтінім бергенін еске саламыз.

Түзету қажеттілігі энергия өндіру ұйымдарына қатысты емес шығындардың, оның ішінде отынға және күзгі және қысқы кезеңге дайындыққа арналған шығынның ұлғаюына негізделеді. Энергия өндіру ұйымдарының орташа есеппен отын шығының ұлғаюы 17 % деңгейінде болжанады.

Сонымен қатар шекті тарифті түзету жылыту кезеңін өткізуге дайындық шеңберінде жөндеу жұмыстарының қажетті көлемін қаржыландыру үшін қажет. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары тарифпен өтелетін көлемде ғана жүргізіледі, бұл тозу мен апаттылықты төмендету бойынша мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.
KAZENERGY қауымдастығының сарапшылары Энергетика министрі бұйрығының жобасына сараптама мен тиісті сараптамалық қорытындыны 2023 жылғы 18 мамырға дейінгі мерзімде жасауы қажет.

KAZENERGY қауымдастығының баспасөз қызметі

electricity-7378856_1920.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.