top
top
Жаңалықтар

Жас қазақстандық World Energy Congress Future Energy Leaders құрамына кірді

KAZENERGY қауымдастығы Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан-Британ техникалық университетінің 25 жастағы түлегі Мұхамбетқалиев Әміржан Congress Future Energy Leaders бір жылдық бағдарламасына іріктеуден өтті және осылайша, Дүниежүзілік Энергетикалық – Қауымдастығымыздың жаһандық әріптесінің бір сарапшысы болды.

Дүниежүзілік энергетикалық кеңес (ДЭК) – ең ірі энергетикалық үкіметтік емес ұйым, ол 1923 жылы Ұлыбританияның және басқа да өнеркәсібі дамыған Еуропа елдері мен Солтүстік Американың іскерлік және энергетикалық шеңберінің бастамасы бойынша құрылды.

ДЭК құрамына 90 елдің 3000-нан астам мүше ұйымдары, оның ішінде мемлекеттік билік органдары, өнеркәсіптік және сараптамалық ұйымдар, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ атынан ҚР ДЭК Ұлттық комитетін, KAZENERGY қауымдастығы атынан ҚР-да ДЭК Ұлттық Хатшылығын қоса алғанда 74 ұлттық комитет кіреді.
Әміржан Мұхамбетқалиев бүкіл дүниежүзінен энергетика саласының жас мамандары үшін дамыту бағдарламасына қатысу үшін ДЭК жаһандық хатшылығы таңдаған Қазақстанның жалғыз өкілі болып табылады. Бағдарламаға қатысқанның арқасында Әміржан өз кәсіби дағдыларын, идеяларын, жобаларын дамыту үшін бірегей мүмкіндіктер мен 2024 жылы Роттердам қаласында (Нидерланды) Дүниежүзілік энергтеикалық конгреске қатысу үшін ерекше шарттарға ие болады.
KAZENERGY қауымдастығы атынан ҚР-да ДЭК Ұлттық хатшылығы Әміржанды Congress Future Energy Leaders құрамына кіруімен құттықтайды және оған шығармашылық және кәсіби табыс тілейді.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.