top
top
Жаңалықтар

KIOGE халықаралық конференциясында көмірсутектер қорлары мен ресурстарының Жаңа қазақстандық жіктемесі және шағын кен орындарының перспективалары талқыланды

“KAZENERGY" қауымдастығының мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі атқарушы директоры Фархат Абытов SPE PRMS жүйесіне негізделетін қорлардың Жаңа қазақстандық жіктемесінің тұжырымдамасы туралы айтып берді.

Сарапшылар қорлар мен ресурстардың дұрыстығын анықтау PRMS (PRMS based) жүйесіне негізделетін, бірақ бұл ретте жер қойнауын кешенді және ұтымды пайдалану жөніндегі талаптар алынып тасталмайтын жаңа жіктемені әзірлеуді ұсынады.

Ф.Абытов атап өткендей, қазіргі уақытта Қауымдастық жіктемені әзірлеуге арналған техникалық тапсырманың жобасын дайындады, ол келісу үшін салалық мемлекеттік органдарға жіберілді.

Сондай-ақ ол KAZENERGY компаниясының шағын кен орындары бойынша барлау мен өндіруді реттеу жөніндегі ұсыныстарын айтты. Қауымдастық шағын кен орындары мен табиғи битум кен орындары үшін жер қойнауын пайдалануға арналған жаңа оңайлатылған келісімшартты енгізуді көздейтін түзетулер пакетін дайындады.

Келісімшарт мемлекеттік сараптамадан өтуді оңайлату бөлігінде реттеушілік преференцияларды көздейтін болады. Барлау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 жыл деңгейінде, мұндай кен орнында мұнай өндірудің тәуліктік көлеміне байланысты өндіру кезеңін 15 жылға дейін бекіту ұсынылады.

-Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімінде 114-ке жуық шағын кен орны бар, сондай-ақ 300 мың тоннаға дейінгі қорлары бар 40-қа жуық учаске рентабельді емес кен орындарына жатқызылған. Мұндай объектілер бойынша перспектива шамамен 300-400 учаскені құрауы мүмкін, - деп атап өтті Фархат Абытов.

"KAZENERGY" қауымдастығы мұнай-газ және энергетика салаларындағы ағымдағы ахуалға тұрақты талдау жүргізеді және саланы жетілдіру бөлігінде компаниялармен сындарлы диалогқа дайын.

5453887620540129540.jpg

5453887620540129541.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2025 © Барлық құқықтар сақталған.