top
top
Жаңалықтар

ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ БАСЫМ ҚҰҚЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Модельдік шарт шеңберінде мұнай-газ және мұнай өңдеу салаларында «Атамекен» ҰКП функцияларын орындайтын KAZENERGY қауымдастығы инвесторлар үшін тиімді нормативтік ортаны қалыптастыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.

Бүгін Қауымдастық өкілдері ҰКП алаңында өткен кеңеске қатысты. Онда жер қойнауын геологиялық зерттеуді өз қаражаты есебінен жүзеге асыратын инвесторлар үшін жер қойнауын пайдалануға басым құқық берумен байланысты негізгі мәселелер қаралды.

Геологиялық барлау саласы ең перспективалы салалардың бірі болып қала береді, алайда елеулі инвестициялар мен жобаларды іске асыру үшін ұзақ уақытты талап етеді. Бұл ретте одан әрі барлау мен өндіруге құқықтар алуға кепілдік болмағандықтан, бұл инвесторлардың мұндай жобаларға қатысуға қызығушылығын төмендетеді.

«Жетілген кен орындарындағы өндіріс көлемі 2014 жылдан бері төмендеп келеді. 2024 жылы өндіріс көлемі 30 млн тоннаны құрады, бұл 2013 жылдың ең жоғары деңгейінен 30%-ға төмен. Қорлардың айтарлықтай өсуінің болмауы және өндірістің төмендеуі тиімділіктің төмендегенін және соның салдарынан инвестициялардың жетіспейтіндігін көрсетеді», - деп атап өтті KAZENERGY Атқарушы директоры Данияр Насипов.

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында геологиялық барлау жұмыстарын дербес қаржыландыратын инвесторлар үшін жер қойнауын пайдалануға басым құқықты қамтамасыз ету міндеті қойылды. Осыған байланысты Үкімет Мәжіліске «Көмірсутектер мен уран саласындағы жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын енгізді.

Заң жобасында басым құқық 2022 жылғы 1 шілдеден 2024 жылғы 1 шілдеге дейін берілген лицензиялар үшін ғана көзделген.

Кеңеске қатысушылар уақыт шеңберін кеңейту және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген лицензиялардың жарамдылығы аталған түзетулер күшіне енгенге дейін қолданылатындығы туралы ережелерді заң жобасына енгізу туралы ұсыныс жасады. Бастама жобаның іске асырылып жатқандығына немесе лицензияның қолданылу мерзіміне қарамастан, қорытынды есептер беріліп қойған жағдайларды қоса алғанда, барлық инвесторларға басым құқық беруді көздейді.

Мұндай құқықты алу үшін инвестор уәкілетті органға қолданыстағы лицензия шегінде көмірсутектерді барлауға арналған үлгілік келісімшарт жасасуға өтініш беруі тиіс.

Бүгінгі өткен кеңестің жұмысы инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған. Оның қорытындылары іскерлік ахуалды жақсарту және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру бағытындағы маңызды қадам болмақ.

Изображение-WhatsApp-2025-04-22-в-16.54.11_d526c9a4.jpg

Изображение-WhatsApp-2025-04-22-в-16.54.11_bf0e866b.jpg

Изображение-WhatsApp-2025-04-22-в-16.54.11_b37df227.jpg

Изображение-WhatsApp-2025-04-22-в-16.54.11_2c63b369.jpg

Изображение-WhatsApp-2025-04-22-в-16.54.10_db7cff7d.jpg

Изображение-WhatsApp-2025-04-22-в-16.54.10_880afb87.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2025 © Барлық құқықтар сақталған.