KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақов пен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов мұнай-газ саласының көрнекті ғалымы Раушан Сармұрзинаны 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.
Раушан Ғайсақызы Сармұрзина - ҚР Ұлттық академиясының Құрметті академигі, ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы Президиумының мүшесі, сондай-ақ «Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар» басымдығы бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі.
Құттықтау сөзінде Болат Ақшолақов мерейтой иесінің сала дамуына қосқан үлесіне тоқталды:
– Сіз басшылық еткен бағдарламалар мен жобалар Қазақстан экономикасының тірегіне айналды, мұнай-газ саласында кадрлық әлеует пен ғылыми-техникалық прогрестің негізін қалады. Сіз өз ісіне адал тұлға ретінде - әрі ғалым, әрі стратег ретінде танылдыңыз. Еңбегіңіздің жемісі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ғылым жолындағы жарқын істеріңіз әрдайым үлгі бола берсін!
Осынау құттықтау - Раушан Ғайсақызының сала мен қоғам алдындағы еңбегін бағалау, сондай-ақ ғылыми дәстүрлердің сабақтастығы мен кәсіби біліктілікке деген құрметтің көрінісі болды.
