KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Жандос Нұрмағанбетов Маниладағы (Филиппин) Азия даму банкінің алаңында өтіп жатқан 20-шы Азия таза энергия форумына (Asia Clean Energy Forum, ACEF-2025) қатысты. Іс-шарада сала көшбасшылары, мемлекеттік органдар мен бизнестің, ғылым мен қаржы институттарының өкілдері бас қосты.
«Орталық және Батыс Азия энергиясы: өзара байланысты болашақ үшін жасыл дәліз» сессиясы аясында Жандос Нұрмағанбетов Қазақстанның орнықты даму саласындағы стратегиялық басымдықтарымен таныстырды. Ол электр энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртудың, зияткерлік энергия жүйелерін дамытудың, өңірлік интеграцияны нығайтудың және энергия жинақтау жүйелерін енгізудің маңыздылығына тоқталды.
Атап айтқанда, Қазақстан энергетикада ауқымды инвестициялық жобаларды іске асырып жатқаны атап өтілді. 2030 жылға дейін көптеген жаңа электр стансаларын салу және смарт-грид элементтерін енгізуді қоса алғанда, электр желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда.
Өңірлік энергетикалық интеграция мәселелеріне ерекше назар аударылады. Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Әзірбайжанмен гидростансалар мен жаңа электр беру желілерін салуды және трансшекаралық электр энергиясы саудасын кеңейту мақсатындағы келісімдер жасалды. 2030 жылға дейін энергияны сақтау жүйелерін ауқымды түрде пайдалануға беру жоспарлануда.
ACEF-2025 форумы озық шешімдер көрсету, жаңа серіктестіктер құру және таза энергетикалық инновацияларды ілгерілету үшін маңызды практикалық алаң болды. Мұнда негізінен ЖЭК-ті ұлғайтуға, энергетикалық қауіпсіздікті арттыруға және аймақтағы тұрақты дамуды қолдауға баса назар аударылды.
