top
top
Жаңалықтар

ACEF-2025 АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Жандос Нұрмағанбетов Манилада (Филиппин) өткен Азия таза энергия форумы (ACEF-2025) шеңберінде Азия даму банкі (АДБ) өкілдерімен бірқатар жұмыс кездесуін өткізді.

Атап айтқанда, АДБ Орталық және Батыс Азия бойынша Бас директоры Евгений Жуковпен және АДБ Шығыс, Орталық және Батыс Азия өңірлері бойынша Энергетикалық секторы кеңсесінің директоры Джунхо Хвангпен кездесуде Қазақстанның энергетикасына инвестициялар тартуды қоса алғанда, кешенді ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.

Тараптар таза энергия және тұрақты энергетикалық инфрақұрылымды дамыту саласындағы жобаларды ілгерілетуге бағытталған бірлескен бастамаларға ерекше назар аударды.

Жандос Нұрмағанбетов АДБ өкілдерін биылғы 2-4 қазан аралығында Астанада өтетін KAZENERGY Kazakhstan Energy Week – 2025 / XVI Еуразиялық форумына қатысуға шақырды. Форум дәстүрлі түрде мемлекеттік құрылымдар, бизнес және энергетика саласындағы халықаралық ұйымдар арасындағы өңірлік диалогтың негізгі алаңына айналып отыр.

Өз кезегінде АДБ өкілдері Форумға қатысатынын растап, осы іс-шара аясында арнайы сессия өткізу жоспарлары туралы хабарлады.

Изображение WhatsApp 2025-06-10 в 17.47.11_f5d710c7.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2025 © Барлық құқықтар сақталған.