Қазақстандағы Ирак Республикасы Елшілігінің өтініші бойынша KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақов Ирак Республикасының Уақытша Сенімді өкілі Джабер Нажм Абдулла әл-Темимимен кездесу өткізді.
Әңгіме барысында тараптар энергетика және экономика салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Екі елдің бейінді ұйымдары арасындағы өзара іс-қимыл перспективаларына, сондай-ақ энергетика секторын тұрақты дамыту саласында тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.
Әл-Темими мырза Ирактың Қазақстанмен энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілігін білдіріп, серіктестікті тереңдетудің және екі елдің бейінді институттары мен компаниялары арасында тікелей байланыс орнатудың маңыздылығын атап өтті. Ол KAZENERGY қауымдастығының өкілдерін 14-15 маусымда Бағдадта өтетін Ирак инвестициялық форумына қатысуға шақырды.
Өз кезегінде Болат Ақшолақов Ирак тарапына KAZENERGY Қауымдастығы қызметінің негізгі бағыттары жайлы айтып, Қазақстанның отын-энергетикалық кешенінің, оның ішінде мұнай-газ секторының ағымдағы жай-күйі мен жетістіктерімен, сондай-ақ оны жаңғыртуға және тиімділігін арттыруға бағытталған жобалармен таныстырды. Ол да Ирак делегациясын биылғы 2-4 қазанда Астанада өтетін KAZENERGY Kazakhstan Energy Week-2025 / XVI Еуразиялық форумына қатысуға шақырды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыра беруге және одан әрі өзара іс-қимылдың нақты жолдарын қарастыратын болып келісті.
