top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY Ғылыми-техникалық кеңесінің 48-отырысы

Бүгін KAZENERGY қауымдастығының Ғылыми-техникалық кеңесінің 48-отырысы өтті. Отырысты Ұзакбай Қарабалин басқарды.

Кеңес барысында компаниялар өндірісті автоматтандыру кезіндегі киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, көмірсутек кен орындарын іздеуге арналған DDT субатомдық технологиясын қолдану, сондай-ақ энергия нарығындағы ашықтық пен тиімділікті арттыруға бағытталған цифрлық шешімдерін таныстырды.

«Стройинжиниринг Астана» ЖШС директоры Амир Қайпиев өндірісті автоматтандыру тиімділікті арттыратынын, бірақ сонымен қатар кибершабуылдарға осалдық туғызатынын атап өтті. Осыған байланысты үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу қажеттігі айтылды.

«KAZ-Waterhunters» ЖШС геология және геофизика жөніндегі директордың орынбасары Турегали Мұрунов DDT субатомдық технологиясының мүмкіндіктерін таныстырды. Бұл әдіс пайдалы қазбаларды 90–95% дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді.

TrustMe IT-компаниясының СЕО-сы Чингиз Даулетбаев жасанды интеллект негізінде құжат айналымын оңтайландыруға және салалық үдерістерді жеделдетуге бағытталған инновациялық шешімдерді ұсынды.

Жиынды қорытындылаған Ұзакбай Қарабалин ұсынылған жобалардың практикалық маңызы зор екенін атап өтіп, Кеңес мақұлдаған бастамалардың тізімін дайындауды тапсырды.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2025 © Барлық құқықтар сақталған.