
Шолудың негізгі мақсаты - ағымдағы жағдайға тәуелсіз әрі объективтік баға беру және тиісті ұсыныстар жасап шығару, сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықты нығайту және Шартқа қатысушы елдермен қазақстандық тәжірибе алмасу болып табылады.
Осы еңбектің негізгі міндеті::
1. Қазақстан Республикасының энергия тиімділігі саласындағы саясатының жай-күйіне кешенді шолу.
2. Басты қиындықтар мен кедергілерге, оның ішінде энергия тиімділігін арттыру саясатын табысты іске асыруға кедергі келтіретін тосқауылдарға талдау жасау.
3. Дамыған елдердің энергия тиімділігін арттыру және мемлекеттік реттеу мхеанизмдерін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жасау саласындағы озық тәжірибесіне шолу жасау.