top
top
Үйлестіру кеңестері мен комитеттері

«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Үйлестіру кеңестерінің қызметтерін ұйымдастырул туралы ереже

Осы Ереже «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының Қауымдастығы”» заңды тұлғалар бірлестігінің (бұдан әрі – Қауымдастық) Үйлестіру кеңестері қызметінің мақсаттарын, міндеттерін, функцияларын және ұйымдық-құқықтық негіздерін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

1. Үйлестіру кеңестері Қауымдастықтың тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші органдары болып табылады.
2. Үйлестіру кеңестері өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, қауымдастық Жарғысын, Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысының, Қауымдастық Кеңесінің шешімдерін, осы Ережені және қауымдастықтың басқа да ішкі құжаттарын басшылыққа алады.

2. Үйлестіру кеңестерінің мақсаты

3. Үйлестіру кеңестері қызмет бағыттары бойынша Қауымдастық мүшелерінің іс-қимылдарын топтастыру, ұсыныстар әзірлеуге қатысу, сондай-ақ диалог алаңын ұсыну және қауымдастықтың тиісті мақсатты жобаларына жетекшілік ету мақсатында құрылады.

3. Үйлестіру кеңестерінің міндеттері, функциялары және құқықтары

4. Үйлестіру кеңестерінің міндеттері:
1) қызмет бағыттары бойынша Қауымдастық мүшелеріне сараптамалық, ақпараттық, консультативтік көмек көрсету;
2) Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетика салаларындағы қызмет бағыттары бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
5. Үйлестіру кеңестері өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) қызмет бағыттары бойынша Үйлестіру кеңесінің міндеттерін шешу мақсатында сараптамалық пікір қалыптастыру және Қауымдастық мүшелерінің бірыңғай ұстанымын қалыптастыру;
2) Үйлестіру кеңесі жүргізіп жатқан жұмыстар туралы қауымдастық мүшелерін хабардар ету;
3) Қауымдастық мүшелерінің келісімі бойынша мақсатты мүшелік жарналардың мөлшерін анықтау;
4) Қауымдастық Кеңесінің шешімімен бекітілген мақсатты жобалар бойынша мақсатты мүшелік жарналарды ұсыну туралы шешім қабылдау.
6. Үйлестіру кеңестерінің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру кезінде:
1) Үйлестіру кеңесі қызметінің бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгізу;
2) қаралатын мәселелер бойынша ұсынымдық сипатқа ие тиісті шешімдер қабылдауға құқылы;
3) өз қызметінің бағыты аясында Қауымдастық мүшелерінен қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрату және алу;
4) Үйлестіру кеңесі шеңберінде мамандарды, ғалымдарды, консультанттарды және тиісті құзыреті бар өзге де адамдарды тарта отырып, жекелеген мәселелер бойынша жұмыс топтарын құруға құқылы;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

4. Үйлестіру кеңестерінің құрамы

7. Үйлестіру кеңестері кемінде 5 (бес) адамнан тұрады.
8. Басшыларын (төрағаларын), сондай-ақ басшылардың орынбасарларын (тең төрағаларын) қоспағанда, Үйлестіру кеңестерінің құрамдары Қауымдастықтың Атқарушы комитетінің шешімімен бекітіледі және Қауымдастық мүшелері мен өзге де ұйымдар өкілдерінің қатарынан қалыптастырылады.
Үйлестіру кеңестерінің құрамына төмендегілер кіреді:
1) Үйлестіру кеңесінің төрағасы;
2) Үйлестіру кеңесінің тең төрағасы;
3) Үйлестіру кеңесінің мүшелері;
4) Үйлестіру кеңесінің хатшысы (дауыс беру құқығынсыз).
9. Үйлестіру кеңесінің қызметін үйлестіру кеңесінің төрағасы (бұдан әрі – Төраға) басқарады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Үйлестіру кеңесінің тең төрағасы жүзеге асырады.
10. Үйлестіру кеңестерінің төрағалары және тең төрағалары Қауымдастық төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
11. Үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыруды үйлестіру кеңесінің хатшысы (бұдан әрі-хатшы) жүзеге асырады.

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан, Қабанбай батыр 19, A блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2021 © Барлық құқықтар сақталған.