top
top
Үйлестіру кеңестері мен комитеттері

Экология және төмен көміртекті даму мәселелері жөніндегі
үйлестіру кеңесі қызметінің негізгі бағыттары

Сараптамалық пікір қалыптастыру және (немесе) «KAZENERGY» қауымдастығының тиісті мүшелерінің бірыңғай ұстанымын қалыптастыру мақсатында Экология және төмен көміртекті даму мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі «KAZENERGY» қауымдастығының мынадай стратегиялық басымдықтары (қызмет бағыттары) бойынша мәселелерді қарайды:
  • Қазақстан Республикасының реттеуші саясатын (квоталау және квоталар саудасы жүйесі, өзге де шаралар) төмендегі құжаттарға бейімдеу процесінде энергетика саласы кәсіпорындарының орнықты даму мүдделерін есепке алу:
    • төмен көміртекті даму және декарбонизация бойынша Қазақстанның қабылданған халықаралық міндеттемелері (2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу);
    • парниктік газдар шығарындыларын реттеудің, квоталаудың және квоталар саудасының еуропалық және өзге де шетелдік жүйелеріне, көміртекті теңестіру және трансшекаралық (көміртегі) салықтар тетіктеріне;
  • Қазақстан Республикасының төмен көміртекті даму тұжырымдамасын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
  • энергетикалық сала компанияларына қазіргі заманғы технологияларды дамыту, үздік корпоративтік практикаларды қолдануды және мүдделі тараптармен диалогты кеңейту жолымен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесу;
  • энергетика саласы кәсіпорындарының шығарылатын өнімінде көміртегі ізін азайтуды қамтамасыз ететін неғұрлым перспективалы технологиялардың тізбесін айқындау (оның ішінде көміртекті ұстау, сақтау, кәдеге жарату, табиғи газдан төмен көміртекті сутегін өндіру технологиялары және т. б.) және осындай технологияларды енгізуді мемлекеттің фискалдық және реттеушілік қолдау шараларын іске асыру;
  • озонды бұзатын басқа агенттердің (СО2-мен қатар) эмиссиясын төмендетуге мүмкіндік беретін энергетика саласының кәсіпорындары үшін технологиялық мүмкіндіктерді айқындау және оларды мемлекеттің фискалдық және реттеушілік қолдау шараларын іске асыру;
  • кәсіпорындардың технологиялық аудиті, ЕҚТ анықтамаларын жасау, ЕҚТ енгізуді экономикалық ынталандырудың барабар шаралары;
  • энергия тиімділігін арттыруды, энергия үнемдеуді, энергетика саласы кәсіпорындарының қызметінде қалдықтардың пайда болуын және тиімді кәдеге жаратылуын ынталандыру;
  • құқық қолдану практикасындағы ағымдағы және жүйелі проблемаларды шешу, экологиялық заңнама бойынша тұрақты, теңгерімді және кемсітпейтін тәсілді қамтамасыз ету;
  • қоршаған ортаны қорғау саласындағы салалық мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу.

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.