Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру
кеңесі қызметінің негізгі бағыттары
- біліктіліктер жөніндегі ұлттық органды қалыптастыруға, «Кәсіптік біліктіліктер туралы» заң жобаларын, еңбек нарығын дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексін, өмір бойы оқыту тұжырымдамасын және әлеуметтік-еңбек қатынастары мен білім беру саласындағы өзге де заң жобаларын әзірлеуге қатысу арқылы ұлттық және салалық біліктілік жүйесін дамыту;
- салада «Жаңа кәсіптер атласын» іске асыру, экологиялық қауіпсіз, «жасыл» жұмыс орындарын ескере отырып, кәсіптік стандарттарды әзірлеу мақсатында оқу орындарымен, қауымдастық мүшелерімен, «Атамекен» ҚР ҰКП-мен, әлеуметтік әріптестікке қатысушылармен ынтымақтастық ету;
- энергия тиімділігін арттыру және Қауымдастық мүшелерінің қатысуымен және шетелдік тәжірибені ескере отырып, салада сұранысқа ие білім беру бағдарламаларын жаңарту мәселелері бойынша сала кәсіпорындарының кадрлары мен персоналын даярлауға жәрдемдесу;
- барлық мүдделі тараптармен бірлесіп саладағы құзыреттерді дамыту және трансферттеу жөнінде, оның ішінде салада жаңа «жасыл» бағытқа көшу міндеттерін шешу жөнінде жүйелі ұсыныстар әзірлеу;
- экономиканы экологияландыруға және өндірісті цифрландыруға баса назар аудара отырып, жастарды инновациялық жобалар мен бағдарламаларға тарту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы салаларындағы 2020-2022 жылдарға арналған Салалық келісімнің және әлеуметтік әріптестікті дамыту мақсатында ҚР Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) және кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісімнің іс-шараларын іске асыруға қатысу, әлеуметтік әріптестікті дамыту мақсатында Халықаралық Еңбек Ұйымының Бас келісімде көзделген конвенцияларын ратификациялау бойынша жұмысқа қатысу;
- гендерлік саясатты дамыту және саладағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ететін мұнай-газ және энергетикалық компаниялардың озық практикалары бойынша тәжірибе алмасу;
- кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың халықаралық стандарттарын, мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеуге қатысу;
- еңбекке ақы төлеу жүйесін орындалатын жұмыстардың күрделілігі мен деңгейіне сәйкес келтіруге, персоналды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге және еңбек жағдайларының сапасын арттыруға жәрдемдесу;
- шетелдік персоналды олардың қатысуымен жобаларда біртіндеп алмастыру мақсатында жергілікті білікті техникалық және басқару кадрларын ұлғайту мен дамытуға жәрдемдесу;
- әлеуметтік әріптестікті нығайту, бизнесті мемлекеттік білім беру қызметтерін іске асыру жөніндегі бағдарламаларға тарту, оның ішінде Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін дамытуға қатысты заңнамалық бастамаларды талқылауға қатысу;
- жастар жобаларын іске асыруға қатысу және қолдау.