Энергетика саласын және энергия тиімділігін дамыту жөніндегі
үйлестіру кеңесі қызметінің негізгі бағыттары
1. «Жасыл энергетика» жобаларын дамыту (жаңартылатын және баламалы көздер)
- Қазақстан Республикасының ЖЭК жобаларын дамыту жөніндегі реттеу саясатын жетілдіру процесінде электр энергетикасы саласының «дәстүрлі» кәсіпорындарын орнықты дамыту мүдделерін есепке алу;
- салааралық сипаттағы мәселелерді талқылауды үйлестіру, сондай-ақ мұнай-газ секторының ірі компаниялары бастамашылық ететін ЖЭК гибридтік және өзге де жобаларын дамыту үшін реттеуші кедергілерді жою;
- энергияны сақтау технологияларын дамыту;
- «жасыл энергетика» жобаларында отандық қамтуды дамыту (ғылыми, кадрлық қамтамасыз етуді қоса алғанда).
- электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі ұлттық жобаны, сондай-ақ электр энергетикасы саласын дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
- бірыңғай энергетикалық жүйені дамытуды ескере отырып, маневрлік қуаттарды, жаңартылатын энергия көздерін ұлғайтуды көздейтін Қазақстан Республикасының энергетикалық теңгерімін қалыптастыруға және өзектілендіруге қатысу;
- саланың инвестициялық тартымдылығын ынталандыратын электр энергетикасы саласы кәсіпорындарының қызметін тарифтік, монополияға қарсы және өзге де реттеуді жетілдіру;
- жылумен жабдықтау бойынша заңнамалық базаны әзірлеуге қатысу;
- электр энергетикасы саласындағы ғылыми және технологиялық инновацияларды жинау, трансферттеу, дамыту, оның ішінде қазіргі заманғы цифрлық шешімдер арқылы энергетикалық жүйелерді инновациялық қайта құру жолымен;
- реттеуші ортаны жетілдіру арқылы атом саласының орнықты дамуына жәрдемдесу;
- Қауымдастық базасында энергетика саласында стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде шаралар қабылдау.
- мұнай, газ және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын, сондай-ақ ЕАЭО ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бойынша ұлттық деңгейден жоғары деңгейде реттеуді әзірлеу мәселелері бойынша Қазақстанның энергетика саласы кәсіпорындарының мүдделерін білдіру.