top
top
«Student Energy Challenge»

f42c80d9e4544261.jpg

«Құрметті достар, Қауымдастық атынан және жеке өз атымнан «Student Energy Challenge» конкурсының барлық қатысушыларына шын жүректен сәлемімді жолдаймын. Конкурсты ұйымдастыру біздің қызметіміздің маңызды бағыттарының бірі – адами капиталды дамыту бөлігінде өте маңызды оқиға. Бұл іс-шара дарынды жастарда зияткерлік дағдыларының дамуына жаңа көзқараспен қарауға, өз қатарластарымен тиімді өзара іс- қимыл жасау процесіне студенттердің қатысуын белсендіруге, тәжірибе алмасуға және энергетика саласындағы проблемалы мәселелерді шешудегі инновациялық әзірлемелерді табысты көрсетуге мүмкіндік беретініне сенімдімін. «Шелл» компаниясына ынтымақтастық үшін алғысымызды білдіреміз. Осы жоба, осы жылғы форум мазмұнды контентпен және қызықты кездесулермен есте қалатындығына, перспективалы идеялар мен бастамаларды ілгерілетуге себеп болатындығына үміттенеміз.»

Ұзақбай Қарабалин
«KAZENERGY» қауымдастығы Төрағасының орынбасары


Burmeister.jpg

«Біз бұл конкурсты «KAZENERGY» қауымдастығымен серіктестікте бастамашылық ету және қаржыландыру туралы шешім қабылдағанымызды мақтан тұтамыз, өйткені біз энергетиканың болашағы жас ұрпақтың қолында екендігінде сенімдіміз. Олардың тамаша идеялары бар және олар планета мен қоғам алдында тұрған міндеттерді, бастысы – жаһандық энергетикалық дилемманы энтузиазммен және терең түсінеді. «Student Energy Challenge» конкурсы барысында келіп түскен жобалық идеялардың сапасы жоғары деңгейде болды, бұл Қазақстанның жаңа ұрпағының дарындылығын көрсетеді. Осы конкурсқа қатысу тәжірибесі барлық қатысушылардың өз идеяларын әрі қарай дамытуға және нақты шешімдерге айналдыруға ынталандырады деп үміттенеміз».

Херман Бурмейстер
Қазақстандағы «Шелл» концернінің Төрағасы мен Вице-президенті

Student Energy Challenge-2023 байқауының қатысушыларына «Шелл Казахстан» компаниясынан сәлем
«Student Energy Challenge» және «Student Energy Challenge-Junior» 2023 маусымының анонсы
"Student Energy Challenge" және "Student Energy Challenge-Junior" 2023 шараларын өткізу және кезеңдері туралы
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.