top
top
Жаңалықтар

«Назар аудару. Уақыт. Питч» тақырыбында вебинар пішіміндегі шеберлік класы.

2018 жылғы 29 тамызда «Student Energy Challenge» байқауының қатысушылары үшін «Назар аудару. Уақыт. Питч» тақырыбында вебинар өтті.
Онлайн оқуды қазақстандық ғалым Артур Саудабаев өткізді, оның бастамасы грек венчурлық қорының және Лондондағы бірнеше ангел-инвесторлардың $1 млн мөлшеріндегі инвестицияларын тартты.

Материал мына сілтеме бойынша қолжетімді: Презентация.

Жарияланған байқау кезеңдеріне сәйкес қатысушы команда жобаларының презентацияларымен соңғы кезең а.ж. 2 қазанда, ал еlevator pitch стиліндегі сөз сөйлеу (лифтіде көтерілу кезіндегі не кофеге кезекте тұрған кездегі сияқты жоба презентациясы) бойынша финал а.ж. 3 қазанда жоспарлануда.

Шеберлік класы кезінде дәріс беруші қысқаша уақыт аралығында сөз сөйлеу құрылымын ашты, қатысушылармен «elevator pitch» жобасының презентациясын дұрыс рәсімдеудің негізгі критерийлерімен бөлісті, презентация жасаушылардың қандай дағдылары мен жеке қасиеттері болуы тиіс екендігін айтты.

Кейбір командалардың сөз сөйлеу тәжірибелері бар болуы мүмкін, бірақ көпшілік алдына алғаш шығатындар да бар. Артурдың пікірі бойынша команданың сөз сөйлеу сапасы көптеген факторларға, негізінен, жақсы дайындық пен нәтижеге қол жеткізуді көздеуге байланысты.

Сонымен қатар «Student Energy Challenge» байқауының (байқау туралы: http://kazenergy.com/ru/operation/educational-program/140/1099/) жеңімпаздарына «Шелл Қазақстан» компаниясынан сыйлықтар (10 000 АҚШ долларына дейін) берілетіндігін және сыни ойлау мен міндеттерді кешенді түрде шешу дағдыларын дамыту үшін «Шелл» концернінің мамандары әзірлеген NXplorers екі күндік тренинг өткізілетіндігін еске саламыз.


Қатысушылар пікірлері

«Chemical Energy» командасы
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

«Осы вебинар өте қызықты әрі танымды өтті. Онда әрбір іс бастаушы адамның кезігетін мәселелері көтерілді. Мысалы: қазылар мүшелері алдында өз жобаларының питчингін қалай дұрыс және сауатты өткізу қажет, питчингтің өзіне қалай дайындалу және ең біріншіден, қандай жағдайларға назар аудару қажет екендігі туралы айтылды. Барлық сұрақтарымызға жауап берілді, тыңдаушыға бәрі түсінікті болды. Осы вебинар шеңберінде алынған білім алдағы сөз сөйлеу үшін нұсқама ретінде ғана емес, келешектегі басталатын істерді дамытуға да септігін тигізетіндігіне сенімдіміз».


«Қазына» командасы
Академик Қ.Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты

«Өте жақсы, ақпаратты әрі танымды вебинар. Мәселелер сауатты түрде талданды. Барлық ақпарат түсінікті және анық болғандығын атап өткім келеді. Осы материал жақсы меңгерілді деп санаймыз».


«Association of Innovators» командасы
Алматы энергетика және байланыс университеті

«Біздің командамызға «elevator pitch» тақырыбындағы вебинар өте ұнады, барлығы түсінікті болды, барлық туындаған сұраққа жауап алдық. Қазіргі уақытта барлық сұрағымызға жауап алынғаннан кейін сөз сөйлеуге шығу біршама жеңіл болады деп ойлаймын, себебі қай бағытты ұстану керектігін білетін болдық».


«OilDreams» командасы
Атырау мұнай және газ университеті

«Вебинар өте ұнады, әрине, осындай қысқа уақытта көбін айту мүмкін емес, алайда сіздер осы уақытта көптеген ақпарат бере алдыңыз. Сіздің барлық берген ақпаратыңызды енді тәжірибеде қолдануға болады. Мен Артурдың ақпаратты беріп қана қоймай, оны қабылдау мен табыс ету үшін жағдай жасай алу қасиетін жоғары бағаладым. Іс-қимылдар алгоритімін енді біле отырып, жұмыста қазылар мүшелерімен нақты байланыс орнатып, залдағы адамдарға назар аударатын боламын».



Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.