top
top
Жаңалықтар

«Сұйытылған күйдегі этан және пропан фракцияларын тасымалдауға арналған магистральдық құбыржолдарға қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентке Жария талқылау

KAZENERGY қауымдастығы 2026 жылғы 23 қаңтарда «Сұйытылған күйдегі этан және пропан фракцияларын тасымалдауға арналған магистральдық құбыржолдарға қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы «Ашық НҚА» порталында жарияланғанын хабарлайды.

Техникалық регламент сұйытылған күйдегі этан және пропан фракцияларын «Теңізшевройл» ЖШС нысандарынан және «Теңіз» мұнай кен орнындағы құрылыс үстіндегі газды бөлу кешенінен полиэтилен мен полипропилен өндіру зауыттарына дейін сенімді, қауіпсіз және үздіксіз құбыр жолымен тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленуде.

Құжатты бекіту сұйытылған күйдегі этан және пропан фракцияларын тасымалдау үшін арналған магистральдық құбырларды жобалау, құру, пайдалану процесстерге нормалар мен талаптарды ұйымдастыру мен бекіту, сондай-ақ халықаралық стандарттармен ұлттық талаптарын үйлестіруге ықпал етеді.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2026 © Барлық құқықтар сақталған.