top
top
Жаңалықтар

Экология және төмен көміртекті даму мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы

2026 жылғы 15 мамырда «KAZENERGY» Қауымдастығының «Парниктік газдар шығарындыларын реттеу мәселелері» тақырыбы бойынша Экология және төмен көміртекті даму мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) отырысы өтті, оған Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. (бұдан әрі – КПО б.в.) Қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау және өндірістің тұтастығы жөніндегі директоры Норберт Жалле төрағалық етті. Үйлестіру кеңесінің жұмысына Энергетика және мұнай-газ саласы компаниялары мен «Жасыл Даму» АҚ өкілдері қатысты.

Қазақстанда ірі өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорындар үшін лимиттер белгілейтін 2026-2030 жылдарға арналған Көміртегі квоталарын бөлудің ұлттық жоспары бекітілді. Ұлттық Жоспар шеңберінде парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі міндеттемелерді орындау мақсатында рұқсат етілген шығарындыларды жыл сайын қысқарту көзделеді, бұл квота тапшылығы тәуекеліне әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан Үйлестіру кеңесінің отырысы «KAZENERGY» қауымдастығына мүше компаниялар қолданатын парниктік газдар шығарындыларын азайту тетіктері мен құралдарының жоспарлары мен тәжірибе алмасуына арналды. Мәселен, КПО б.в. компаниясының офсеттік жобаларды енгізу мәселелері ұсынылып талқыланды, Павлодар мұнай-химия зауытының көміртегі ізін азайту жөніндегі тәжірибесі мен жоспарлары тыңдалды, сондай-ақ Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орны – Қазақстан-Британ техникалық университетінің технологиялардың мен нарық талаптары өзгеруі жағдайында энергетикалық ауысу үшін инженерлердің, өнеркәсіп мамандары мен басқарушылардың жаңа буынын даярлау процесі таныстырылды.

Отырысқа қатысушылар табиғатты қорғау жобаларында парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңіруді арттыру бойынша жобаларды дайындау әдістемелерін әзірлеу қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты «Жасыл Даму» АҚ «KAZENERGY» қауымдастығымен бірлесіп, офсеттік жобаларды табысты іске асыруға кедергі келтіруі мүмкін заңнамалық реттеудің шешілмеген мәселелерін пысықтау бойынша күш біріктіруді ұсынды.

WhatsApp-Image-2026-05-15-at-15.21.33-(3).jpg

WhatsApp-Image-2026-05-15-at-15.21.33-(2).jpg

WhatsApp-Image-2026-05-15-at-15.21.33-(1).jpg

WhatsApp-Image-2026-05-15-at-15.21.33.jpg
Астанада RES EXPO 2026
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2026 © Барлық құқықтар сақталған.