top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY Чэндудағы PESIC 2025 конференциясына қатысты

Қытайдың Чэнду қаласында күн энергетикасы мен энергия сақтау саласындағы әлемдегі ең маңызды алаңдардың бірі саналатын 8-ші Қытай халықаралық фотовольтаика және энергия сақтау конференциясы (PESIC 2025) өз жұмысын аяқтады. Форум 17–20 қараша күндері Chengdu Century City New International Convention Center орталығында өтіп, жаңартылатын энергия көздері, энергия сақтау жүйелері, «ақылды» желілер және оларға байланысты технологиялар саласындағы жетекші компаниялар мен сарапшыларды біріктірді.

Пленарлық сессиялар барысында спикерлер Қытайдың жаңа энергетикадағы жетістіктерін жан-жақты талқылады.
Соңғы жылдары Қытай күн энергетикасы бойынша әлемдегі ең ірі нарыққа және өндірістік орталыққа айналғанын, күн және сақтау қуаттарын іске қосу бойынша рекордтық көрсеткіштерге жеткенін, сондай-ақ материалдар мен жабдықтар өндіруден бастап «күн + сақтау» интеграцияланған шешімдеріне дейінгі толық қосылған құн тізбегін қалыптастырғанын атап өтті.

Спикерлер Қытайдың жаңа экономикалық даму логикасына ерекше тоқталды. Мұнда жасыл энергия мен технологиялық инновациялар тұрақты өсудің негізгі қозғаушы күші ретінде қарастырылады. Сондай-ақ адамның табиғатпен үйлесімі туралы қытай философиясы мен Қытайдың фотовольтаикадағы жаһандық көшбасшылығы жайлы, өз технологиясы мен тәжірибесін серіктестермен бөлісуге дайын екендігі туралы пікірлер айтылды.

Форумда Қытай энергетика саласындағы бизнес-тәсілдердің өзгеріп келе жатқанына да назар аударылды. Спикерлердің айтуынша, шығынды азайту мен демпингке негізделген «қатал» бәсекенің уақыты өткен. Жаңа іскерлік логика ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді серіктестікті, жобалар жүзеге асырылатын аймақтардағы еңбек жағдайларына, жұмысшылар мен қоғамның сұраныстарына баса мән беруді, жаңа энергетика жаһандық нарығында әділ қағидаларды бірлесіп қалыптастыруды көздейді. Қытай компаниялары «кез келген бағамен жеңіске жету» емес, серіктестермен бірге өсіп, тұрақты кооперациялық тізбектер құруға ұмтылатынын атап өтті.

Көрме алаңында фотовольтаика модульдерінің озық үлгілері, инверторлар, өнеркәсіптік және желілік энергия сақтау жүйелері, энергия жүйелерін басқаруға арналған цифрлық платформалар ұсынылды.

PESIC 2025 жұмысына Қазақстан делегациясының құрамында KAZENERGY қауымдастығы да қатысты. Қауымдастық өкілдері мұнай-газ секторы дамыған, күн және жел энергетикасының әлеуеті жоғары ел ретінде Қазақстанның энергетикалық трансформациясына қатысты өз көзқарасын таныстырды. Қазақстандық тарап үшін технологиялық шешімдермен бірге ұзақ мерзімді серіктестікке, өзара құрметке және жобаларды қабылдаушы елдердің ұлттық ерекшеліктерін ескеруге бағытталған жаңа ынтымақтастық логикасы ерекше қызығушылық тудырды.

Форумның алғашқы күні KAZENERGY қауымдастығының өкілі PESIC 2025 салалық жүлделерін тапсыру рәсіміне де қатысып, онда ұйымдастырушылар фотовольтаика мен энергия сақтау жүйелерін дамытуға елеулі үлес қосқан компаниялар мен жобаларды марапаттады.

Изображение-WhatsApp-2025-11-20-в-10.56.59_794859f7.jpg

Изображение-WhatsApp-2025-11-20-в-10.57.00_7e644678.jpg

Изображение-WhatsApp-2025-11-20-в-10.57.00_b57cc4bb.jpg

Изображение-WhatsApp-2025-11-20-в-10.57.00_f67f4860.jpg

Изображение-WhatsApp-2025-11-20-в-10.57.01_9a762b9f.jpg

Изображение-WhatsApp-2025-11-20-в-10.57.01_52ce27e3.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2026 © Барлық құқықтар сақталған.