top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY қауымдастығы RES 2026 EXPO көрмесінің ақпараттық серіктесі болады

2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Астана қаласындағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында «RES 2026 EXPO» – жасыл технологиялар мен тұрақты шешімдерге арналған халықаралық көрме өтеді. Бұл шара Орталық Азия өңіріндегі экология, энергетика және тұрақты даму саласындағы маңызды алаңдардың бірі болмақ.

WhatsApp Image 2026-04-16 at 11.35.29.jpg

«KAZENERGY» қауымдастығы көрменің ресми ақпараттық серіктесі ретінде іскерлік бағдарламаның негізгі іс-шараларын кеңінен ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Серіктестік аясында қауымдастық көрменің басты оқиғалары мен панельдік сессияларын жедел жариялап, сараптамалық материалдар мен қатысушылар пікірлерін ұсынатын болады, сондай-ақ тұрақты даму және ESG бағытындағы бастамаларды ілгерілетіп, мемлекет, бизнес және халықаралық сарапшылар арасындағы диалогты ақпараттық тұрғыда қолдайды.

Басты назар энергетикалық ауысым және көміртексіздендіру, жаңартылатын энергия көздері, су ресурстарын тиімді басқару, цифрлық және smart city шешімдері, көміртек реттеуі, мұнай-газ секторындағы ESG, айналмалы экономика, климаттық қаржыландыру, сондай-ақ биоалуантүрлілікті сақтау сияқты негізгі тақырыптарға аударылады.

RES 2026 EXPO бағдарламасында халықаралық форумдар, панельдік сессиялар, стартап байқаулары және мемлекет, бизнес пен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен сараптамалық пікірталастар көзделген. KAZENERGY қауымдастығының ақпараттық қолдауы көрменің мазмұнын кең аудиторияға жеткізіп, өңірдегі тұрақты даму күн тәртібін ілгерілетуге ықпал етеді.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2026 © Барлық құқықтар сақталған.