top
top
Білім беру бағдарламасы
Бағдарлама туралы

Бүгін көптеген қазақстандық компаниялар үшін процестің барлық қатысушыларына өзара пайда әкелетін әлеуметтік инвестицияларға өту мақсатқа бағытталған және ұзақ мерзімді саясат болып табылады.
«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы ұстанған саясатының басым бағыттарының бірі - бейінді және өзге ғылыми консультативтік және білім беру ұйымдары мен мекемелерін қолдау болып табылады.

Осы бағытты дамыту мақсатында 2006 жылдың желтоқсанында «KAZENERGY» қауымдастығы бәсекеге қабілетті білікті мамандарды даярлау, олардың біліктілік сапасын арттыруға көмегін тигізетін ұсыныстар жасау процесін ұйымдастырудағы жұмыс берушілердің рөлін, жауаптылығын және қатысуын анықтау мақсатында Білім беру және кадр мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылған болатын.
Білім беру жүйесін дамытуға тиесілі және жастарға арналған жобаларын жүзеге асыруды сүйемелдеуге қатысты заң шығару бастамаларын талқылауға қатысу сияқты Үйлестіру Кеңесінің негізгі мәселелерін жүзеге асыру мақсатында «KAZENERGY» Білім беру бағдарламасы әзірленді.


Техникалық және кәсіби білім беруді дамыту

«KAZENERGY» қауымдастығының техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудағы мақсаты қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда мұнай-газ және энергетика секторының қоғамдық ұйымдары мен компанияларын тікелей қатыстыруға негізделеді.
2007 жылғы қарашада KAZENERGY қауымдастығы мен Білім және ғылым министрлігі мұнай-газ және энергетика кешені үшін кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның шеңберінде KAZENERGY Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 626 Жарлығымен қол қойылған Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеуге қатысты. Бұдан басқа халықаралық тәжірибеге сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын аккредиттеу стандарттарын әзірлеуге және енгізуге қатысуды, еңбек нарығының және халықтың білім беру бағдарламаларына сұранысын есепке ала отырып, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының желілеріне бағалау жүргізуді қосқанда бірқатар іс-шаралар жоспарланған.
Қазіргі уақытта KAZENERGY қауымдастығы Білім беруді 2020 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болып табылады.

«KAZENERGY» Білім беру бағдарламасы шеңберінде қауымдастық Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында мұнай-газ және энергетика кешені үшін кадрлар даярлауды жүргізетін техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының қызметіне кешенді бағалауды жүргізді.
Кәсіби мектептер мен колледждер қызметін бағалау қорытындысы бойынша Қауымдастықтың жұмыс жоспары әзірленді, онда техникалық және кәсіби білім беру жүйесін дамытуды қолдауға бағытталған іс-шаралар көзделген. кәсіби мектептер мен колледждердің имиджін көтеру мақсатында қауымдастық ең үздік оқушыларды іріктеу және оларға тәжірибе алмасуды және тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуде.
2008 жылғы наурыздан бастап KAZENERGY қауымдастығы салалық мамандықтар бойынша «4» және «5»-ке оқитын кәсіби мектептер мен колледждердің оқушыларына стипендия төлей бастады, осыменен оларды жоғары кәсіби деңгейде өзін-өзі танытуға ынталандырды.


KAZENERGY Білім беру бағдарламасының жобалары

I. Сыйақы жобасы - пилоттық (2007-2008ж.ж.)
Сыйақы жобасы – KAZENERGY Білім беру бағдарламасының «бас репетициясы» болып атанды.
Жоба бойынша жұмыс 2006 жылы басталды. мемлекеттің 4 алдыңғы қатарлы салалық ЖОО студенттерінің арасында «KAZENERGY» сыйын иемдену үшін байқауға қатысты. Студенттерді іріктеудің негізгі критерийлері
академиялық үлгерімнің жоғары дәрежесі, ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді қатысуы және тағылымдамадан жақсы деңгейде өтуі.
2007 жылдың мамыр айында Инженер-энергетиктер бірлестігімен біріккен Конференция шеңберінде іріктеудің бүкіл сатыларынан сәтті өткен, «KAZENERGY Білім беру бағдарламасының» жеңімпаздары атанған жоғары оқу орындары студенттеріне «KAZENERGY» қауымдастығы сыйымен марапаттау шарасы жүзеге асырылды.

«KAZENERGY шәкіртақы иелерінің басқосуы-2008» білім беру бағдарламасының ең жақсы шәкіртақы иелерін марапаттау рәсімі өткен «KAZENERGY» Білім беру бағдарламасының алғашқы пилоттық жобасының логикалық аяқталуына айналды. Алматы, Атырау, Ақтау ЖОО-дарын енді бітірген оқушылар Астанаға еліміздің түкпір-түкпірінен түлектерді марапаттау рәсіміне қатысу, мемлекеттің мұнай-газ өндіруші компания өкілдерімен кездесу және жұмысқа орналасу шарттары туралы бүкіл керекті ақпарат жинау мақсатында келді.


II. Шәкіртақы жобасы - ұзақ мерзімді:
Жобаның мақсаты – ЖОО-дарының, ғылыми институттардың неғұрлым дарынды жастарын анықтау және оларды жаңартылған бизнес пен ғылыми зерттеулерге, сонымен қатар кәсіпорындарда/қазақстандық мұнай-газ, энергетика саласында жұмыс істеу үшін тарту болып табылады;

KAZENERGY арнайы шәкіртақысын алу үшін, мұнай-газ және энергетика саласында мамандарды даярлайтын ҚР ЖОО-дарының студенттері, аспиранттары, магистранттары арасындағы жаңартылған ғылыми-практикалық жұмыстардың ашық байқауы.


III. Гранттық жоба - ұзақ мерзімді:
Мұнай-газ және энергетика саласында пайдалы, өзекті нақты жобалардың студенттердің, аспиранттардың, магистранттардың, докторанттардың, «KAZENERGY» гранттарын иемдену мақсатында мамандарды тәжірибеден өткізуші ғылыми қызметкерлердің, бұл жобаларды жүзеге асыру, Қазақстанда тағылымдама өткізу, зерттеулер жүргізу мақсатындағы ашық байқау.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.