Сұрақтар мен жауаптар
1. Байқауға қатысу үшін команданы қалай тіркеуге болады?
2. 2021 жылғы Байқаудың Техникалық тапсырмаларын қай жерден қарауға болады?
3. Байқауға жеке қатысуға бола ма?
4. Командаларды әртүрлі мамандықтар/курстар/университеттердің студенттерінен құруға бола ма?
5. Байқауға Қазақстаннан тыс жерлерде оқитын студенттер қатыса ала ма?
6. Байқауға жұмыс істейтін мамандар қатыса ала ма?
7. Байқауға қатысу үшін жас шектеулері бар ма?
8. Қазақстан азаматтары болып табылмайтын студенттер Байқауға команда құрамында қатыса ала ма?
9. Техникалық тапсырмалар тақырыптарының біріне шешім жобасын беру тіліне қатысты қандай талаптар қойылады?
10. Шешім жобасын әзірлеу кезінде командалар ҚПО қызметкерлерінің кеңесін қолдана ала ма және бұл қалай жүзеге асырылады?
11. 2021 жылы StudentDigitalFest байқауына қандай өзгерістер енгізілді?
12. Командалар әзірлеген шешім жобаларын кім бағалайды?
13. Байқаудың қазылар алқасының құрамына кімдер кіреді?
14. Шешім жобаларын қорғауға шақырылған командалар үшін жол жүру шығындары өтеле ме?
15. Егер команданың толық құрамы финалдағы іс-шараға қатыса алмаса не істеу керек?
16. Байқауға қатысушылардан ұйымдастырушылар компаниясына немесе кез келген басқа мұнай-газ компаниясына жұмысқа орналасу немесе тәжірибеден өту мүмкіндігі бола ма?
17. Ғылыми жетекшінің қатысуы міндетті ме?
18. Сараптамалық кеңестердің шешім жобаларын бағалауы неге әсер етеді?
19. Байқаудың жүлде қоры қандай?
20. Командалар оқу кезеңінде шешім жобаларын қорғауға қалай қатысады?
Конкурс ұйымдастырушыларының байланыс деректері:
+7 717 2 79-01-74
e-mail: sdf2021@kazenergy.com
Байқауларға қатысу үшін сауалнаманы 2021 жылдың 17 маусымына дейін мына сілтеме бойынша толтыру қажет: https://sdf.kazenergy.com/
Команда студенттердің ЖОО-да оқитынын растайтын анықтаманы міндетті түрде тіркеуі керек. Онлайн тіркеуді команда КАПИТАНЫНАН бастау керек. Команданың әрбір мүшесі Байқауға қатысуға жеке өтінім береді. Барлық топ мүшелері сауалнаманы толтырғаннан кейін, барлық топ мүшелеріне команданың тіркелгені туралы хабарлама келеді.
Команда студенттердің ЖОО-да оқитынын растайтын анықтаманы міндетті түрде тіркеуі керек. Онлайн тіркеуді команда КАПИТАНЫНАН бастау керек. Команданың әрбір мүшесі Байқауға қатысуға жеке өтінім береді. Барлық топ мүшелері сауалнаманы толтырғаннан кейін, барлық топ мүшелеріне команданың тіркелгені туралы хабарлама келеді.
2021 жылғы Байқаудың Техникалық тапсырмалары келесі тақырыптар бойынша берілген: 1) Ластаушы заттар, парниктік газдар шығарындыларын және энергия тиімділігін есептеуді автоматтандыру; 2) Ұңғымалардың тұтастығын бақылау процесін жақсарту және оңтайландыру үшін қысым датчиктерінің қашықтан істейтін жүйесін енгізу; 3) Техникалық сызбаларда көрсетілген таңбаларды сканерлеу және анықтау үшін үлгіні тануға негізделген іздеу жүйесін әзірлеу. Мына сілтеме бойынша ТТ әр тақырыбының толық сипаттамасын қарай аласыз: https://kazenergy.com/ru/operation/educational-program/156/1770/
Жоқ, байқауға ЖОО-ның 3-5 студентке дейінгі құрамдағы командалары ғана қатыса алады.
Иә, студенттер кез-келген комбинацияда бір университет немесе бір колледж атынан команда құра алады.
Жоқ, Байқау Қазақстандағы ЖОО білім алатын студенттерге арналған.
Байқауға барлық командалар үшін тең жағдайды қамтамасыз ету үшін кез келген курста оқитын бакалавриат және магистратура студенттері қатыса алады.
Иә, байқауға 18-25 жас аралығындағы ЖОО студенттері қатыса алады. Ұйымдастырушылар ұлдар мен қыздардың өтініштерін құптайды және тең құқықтар мен мүмкіндіктер қағидасын ұстанады.
Иә, егер қазіргі уақытта студент азаматтығына қарамастан ҚР жоғары оқу орнының студенті болып табылса, команда құрамында қатысуына рұқсат етіледі.
ЖОО командалары шешім жобаларын үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әзірлеп, ұсынады.
Иә. Әрбір Техникалық тапсырма бойынша кеңесшілердің байланыстарын «Байқау шарттары» деген бөлімнен ала аласыз: https://kazenergy.com/ru/operation/educational-program/156/1770/ Байқау үйлестірушісі демеушімен келісім бойынша консультациялар кестесін жасайды, оған сәйкес онлайн-кездесулер ұйымдастырылады, сондай-ақ сіз өз сұрақтарыңызды email-ға жолдай аласыз.
Байқаудың екінші маусымы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде командалар қалыптастырылады, команданың әрбір мүшесі жеке тіркеледі (қатысушылардың жасы 18-ден 25 жасқа дейін), сараптамалық кеңестер қалыптастырылады *. Екінші кезеңде байқаудың Техникалық тапсырмасы тақырыптарының біріне шешім жобалары әзірленеді, сараптамалық кеңестер шешім жобаларын бағалайды, финалшы командалар іріктеледі. Үшінші кезеңде қазылар алқасы мүшелерінің алдында командалық жұмыстардың онлайн-қорғауы және жеңімпаздарды жариялау өтеді. *Сараптамалық кеңес – байқаудың Техникалық тапсырмаларының тақырыптары бойынша кәсіби құзыреттері мен тәжірибесі бар сарапшылар тобы. Сараптамалық кеңес сондай-ақ байқау тақырыптары бойынша шешім жобаларын әзірлеу бойынша командаларға консультация береді және байқаудың қазылар алқасының құрамына кіреді.
Техникалық тапсырма тақырыптары бойынша шешім жобаларын байқаудың сараптамалық кеңестері бағалайды.
Байқаудың қазылар алқасы (Қазылар алқасы) сарапшылар – байқау жеңімпаздарын іріктеу және айқындау жөнінде шешім қабылдайтын мұнай-газ/энергетика салаларының, ғылыми және ғылыми-зерттеу мекемелерінің, ғылыми институттардың өкілдері қатарынан қалыптастырылады. Қазылар алқасының құрамына демеушінің келісімі бойынша тәуелсіз сарапшылар кіргізілуі мүмкін.
2021 жылы «StudentDigitalFest» байқауы онлайн форматта өткізіледі. Байқау үйлестірушісі виртуалды платформаға қосылатын сілтемені барлық финалшы командаларға жібереді.
Команда ұйымдастырушыларға өзгерістер туралы мүмкіндігінше ертерек хабарлауы керек. Егер команда жобаны қорғауға шақырылса, онда кем дегенде 2 студент команда атынан қатысуы керек-1 команда мүшесі және капитан.
«StudentDigitalFest» байқауы қызметкерлерді іріктеу және жалдау жөніндегі процесс болып табылмайды және байқауға қатысу жұмысқа алу кезіндегі бағалауға әсер етпейді.
Міндетті емес, бірақ шешім жобасын әзірлеуге жәрдемдесу мақсатында командалардың ғылыми жетекшіні тартуына жол беріледі. Ғылыми жетекші команда құрамына кірмейді.
Бағалау қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар жобаларды онлайн-қорғауға қатысатын байқаудың финалына өткен командалардың тізімін жасайды.
Байқаудың жалпы жүлде қоры - барлық жеңген командаларға 15 000 АҚШ доллары.
Ұйымдастырушылар жоғары оқу орындарына финалшы командалардың барлық мүшелерінің байқау финалына қатысатыны туралы ресми хаттар жібереді. Байқау аяқталған соң ұйымдастырушылар жоғары оқу орындарына байқау нәтижелері туралы жазбаша хабарлама жібереді.
+7 717 2 79-01-74
e-mail: sdf2021@kazenergy.com