«KAZENERGY» қауымдастығының адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмысы шеңберінде 2014 жылғы қыркүйектен бастап 2015 жылғы маусым аралығында «Еңбек қызметінің түрлері және кәсіптік қызметтердің салалары бойынша топтастырылған Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласы мамандықтарының тізбесі» нысаналы жобасы іске асырылған, онда сала үшін ерекше мамандықтар бөлінеді, ескірген, жаңа, өзекті мамандықтар айқындалады. Аталған құжаттың негізі мұнай-газ саласының әр сегментінен компаниялардың жетекші мамандарының пікірлері есепке алынған және еңбек нарығының қазіргі заманғы қажеттіліктеріне жауап беретін толық талдау болып табылады.