Қауымдастық мұнай-газ саласының дамуын реттеу бойынша ұсыныстарды талқылауға, дайындауға және мониторинг жүргізуге,әрі Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар мен бағдарламалық құжаттарды қалыптастыруға және Қауымдастық мүшелерінің бірыңғай ұстанымын әзірлеуге қатысады. Сондай-ақ алқалы органдар: «Атамекен» ҚР ҰКП комитеттер, саланы дамыту бойынша нақты шешімдер қабылдау жөніндегі үйлестіру және ғылыми-техникалық кеңестер аясында тұрақты жұмыс жүргізеді.
Негізгі мақсат – Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласының серпінді және тұрақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасаудағы Қауымдастық жұмысының тиімділігін арттыру.
Негізгі міндеттер:
Негізгі мақсат – Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласының серпінді және тұрақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасаудағы Қауымдастық жұмысының тиімділігін арттыру.
Негізгі міндеттер:
- мұнай-газ саласының үйлесімді дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
- мұнай және газ ресурстарын игеру төңірегіндегі геосаяси жағдайды талдау;
- мұнай-газ саласын дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- мұнай-газ саласындағы ғылыми-техникалық инновацияларды дамытуға, сондай-ақ мұнай-газ өнеркәсібін дамытуға байланысты экономикалық, қаржылық, басқарушылық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерді, оның ішінде мұнай-газ саласының жұмысы арқылы зерттеуге жәрдемдесу. Мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі;
- мұнай-газ саласын дамытудағы шетелдік инновациялық тәжірибені зерделеу және қауымдастық мүшелерін оларды қызықтыратын жаңа үрдістер туралы хабардар ету;
- мұнай-газ саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен интеграциялық процестерді дамыту;
- Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ саласының дамуындағы заңнаманы реттеу бойынша ұсыныстар мен қорытындыларды талқылау, қадағалау және дайындау;
- Қауымдастық мүше болып табылатын мемлекеттік органдары, жұмыс топтары, комиссиялар және басқа да бірлестіктер үшін мұнай-газ саласын дамыту саласында Қауымдастық мүшелерінің ұсыныстары мен бірыңғай ұстанымын әзірлеу;
- мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу.
- елішілік құндылықты дамытудың экономикалық, саяси, экологиялық, әлеуметтік және басқа да аспектілері және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) жүзеге асыру, инновациялық жобалар мен өндіріске енгізу туралы ақпаратты зерделеу;
- елішілік құндылықты дамыту үшін ҒЗТКЖ және инновациялық жобаларды заңнамалық реттеу бойынша мониторинг, талқылау және ұсыныстар дайындау;
- мемлекеттік органдар үшін ұсыныстарды қалыптастыру және елішілік құндылықты дамыту үшін ҒЗТКЖ және инновациялық жобаларды іске асыруға қатысты Қауымдастықтың бірыңғай ұстанымын әзірлеу;
- елішілік құндылықты дамыту бойынша ҒЗТКЖ және инновациялық жобаларды іске асыруға қатысты салалық мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге және іске асыруға мониторинг және қатысу.