top
top
«StudentDigitalFest»
l1.png
l2.png
l3.png


«StudentDigitalFest» – «KAZENERGY» қауымдастығы мен Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг бірлесіп өткізетін байқау.
Байқау алғаш рет 2019-2020 жылдары өткізілді.

Байқаудың мақсаты - цифрландыру саласында технологиялық шешімдерді әзірлеу бойынша қазақстандық жастардың бастамалары мен инновациялық жобаларын қолдау.
Жастардың байқауға қатысуы - ұтқыр идеяларды ұсына алатын және өзекті тақырыптар бойынша оңтайлы шешім таба білетін белсенді әрі бәсекеге қабілетті жандарды тәрбиелеуге ықпал етеді.

Байқауының тақырыптары
Техникалық тапсырмаларға сәйкес технологиялық шешімдерді әзірлеу жөнінде консультациялар:

1.Машиналық оқыту әдісімен ұңғымалар өнімдерін жинақтау жүйесін оңтайландыру.
КПО сарапшысы:
Амир Доспаев (кен орнын кешенді модельдеу жөніндегі инженер)- DospaA@kpo.kz
Нурбек Джабашев (өндіру бойынша деректерді басқару жүйесі жөніндегі инженер)- JabasN@kpo.kz

2.Ұңғымаларды іске қосуға арналған цифрлық каталог.
КПО сарапшысы:
Рахул Кумар-RahulK@kpo.kz
Франческо Росси, жобалау және техникалық бақылау бөлімі басшысы - RossiF@kpo.kz

3. «Қалдықтарды басқару» автоматтандырылған жүйесі.
КПО сарапшысы:
Динара Алдамжарова, Экологиялық рұқсат беру бөлімінің атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі маманы- KalniDi@kpo.kz


f42c80d9e4544261.jpg

Қымбатты достар! «KAZENERGY» қауымдастығының атынан және өз атымнан «StudentDigitalFest» байқауының барлық қатысушыларын құттықтаймын! Қазақстандық жастардың перспективалық идеялары мен бастамаларын ілгерілетуге ықпал ететін осы Байқау Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.-мен серіктесе отырып екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Біз Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.-мен ұзақ уақыттан бері серіктеспіз, компания колледждер мен ЖОО студенттеріне оқу ақысын төлеп, көп жылдан бері гранттық қолдау көрсетіп отыр, «KAZENERGY» қауымдастығы осы жұмысты 5 жыл бойы жүргізіп келеді. 2020-2021 оқу жылында КПО 16 өңірді қамти отырып, 28 ЖОО мен колледждің 52 мамандығы бойынша оқу грантын бөліп, 299 студентке қаржылай қолдау көрсетті.

StudentDigitalFest байқауын ұйымдастыру біз үшін бірлескен қызметіміздің негізгі бағыттарының бірі – адами капиталды дамыту жағынан маңызды. Әлем жаңа технологиялық революцияға қадам басқалы тұрғанын білесіздер. Инновациялық және бәсекеге қабілетті әлем. Бұл - мұнай-газ саласына да қатысты. Дүниежүзі сияқты біз де цифрландырудың көмегімен бұрын-соңды болмаған серпіліске қол жеткізсек дейміз. Осы жолда Қазақстан өз соқпағын салып жатыр.

Жаһандық өзгерістерге қарамастан, біздің еліміздің экономикасы көптеген жылдар бойы тұрақтылықты көрсетіп келеді және саладағы көптеген көрсеткіштер бойынша көшбасшы болып табылады. Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде кез келген саланы дамыту бизнестің білім беру, ғылыми және техникалық орталықтармен тығыз ынтымақтастығы жағдайында ғана іске асады. Дәстүрлі тәжірибе, дағды мен білімді жаңа инновациялық шешімдермен біріктіру ғана синергетикалық әсерді қамтамасыз етеді. Цифрлық түрлендіру экономиканың қалпын өзгертеді және мобильді креативті жастар - дамудың негізгі драйвері болуға тиіс.

Бұл байқау жас таланттардың өздерінің зияткерлік дағдыларын дамытуға жаңаша көзқараспен қарауына, студенттерді жобалық жұмысқа тарту ісін жандандыруға, тізе қосып тиімді өзара іс-қимыл жасауға, тәжірибе алмасуға және байқаудың таңдалған тақырыптары бойынша инновациялық әзірлемелерді табысты көрсетуге мүмкіндік береді деп сенемін.

Құрметті жас өрендер! ХХІ ғасырда Қазақстанда дамытатын сіздерсіздер және осынау ауқымды істі сіздерге абыроймен атқару керек. Мен сіздердің таланттарыңыз бен жасампаз күштеріңізге сенемін! Баршаңызға мол табыс, мерейлі жеңіс тілеймін!

Ұ.С.Қарабалин
«KAZENERGY» қауымдастығы Төрағасының орынбасары

foto.jpg

Құрметті сайысқа қатысушылар!

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы атынан осы шараға қош келдіңіздер демекпін.

Студенттердің зияткерлік әлеуетін іске асырудың және цифрландыру саласындағы технологиялық шешімдерді дайындаудың тиімді алаңы болып табылатын «StudentDigitalFest» байқауына қатысқаныңызға біз ризашылығымызды білдіреміз.

«StudentDigitalFest» Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ одан тыс аймақтарда мұнай-газ саласындағы ең ірі кәсіпорындардың бірі болып табылатын Қарашығанақ кен орны үшін цифрлық шешімдерді дайындауға және жетілдіруге көздейді.

КПО осындай абыройлы шараны 2019 жылдан бастап өткізуде KAZENERGY қауымдастығымен серіктес болғанын мақтан тұтады.

Сайыс кезінде сізге барлық қажетті көмек көрсетілетіндігіне сендіргім келеді. Осы сайыс аясында командалық жұмыс тәжірибесін және есте қалар әсер алатыныңызға сенімдімін. Тағы бір мәрте қош келдіңіздер дей отырып, осындай керемет саяхатта және жеке дамуыңызға мүмкіндік беретін сайыста сәттілік тілеймін.

Көп рахмет!

Джанкарло Рую
Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.
Бас директоры

+ 7 717 2 79 01 87,
email: sdf2022@kazenergy.com


Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 19, A блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2023 © Барлық құқықтар сақталған.