top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY қауымдастығы мен Қарашығанақ  Петролиум Оперейтинг компаниясы «StudentDigigtalFest-2021» командалық байқауының екінші маусымына студенттердің командаларынан өтінім қабылдау мерзімін 2021 жылғы 30 маусымға дейін ұзартқаны туралы жариялайды!

Құрметті Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері!

KAZENERGY қауымдастығы мен Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг компаниясы «StudentDigigtalFest-2021» командалық байқауының екінші маусымына студенттердің командаларынан өтінім қабылдау мерзімін 2021 жылғы 30 маусымға дейін ұзартқаны туралы жариялайды!

«StudentDigitalFest» студенттік топтардың зияткерлік әлеуетін іске асыруға және цифрландыру саласында технологиялық шешімдерді әзірлеуге арналған тиімді платформа.

Байқауға қатысуға бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқып жүрген, 18 бен 25 жас аралығындағы студенттер шақырылады.

Командалар Байқаудың бір техникалық тапсырмасына арнап бір технологиялық шешім әзірлеуі керек. Байқауға барлығы үш Техникалық тапсырма ұсынылды.

  1. Ластаушы заттар, парниктік газдар шығарындыларын және энергия тиімділігін есептеуді автоматтандыру;
  2. Ұңғымалардың тұтастығын бақылау процесін жақсарту және оңтайландыру үшін қысым датчиктерінің қашықтан істейтін жүйесін енгізу;
  3. Техникалық сызбаларда көрсетілген таңбаларды сканерлеу және анықтау үшін үлгіні тануға негізделген іздеу жүйесін әзірлеу.

Байқау туралы, оның ішінде оның кезеңдері туралы толық ақпарат www.kazenergy.com сайтында-Қызмет-Білім беру бағдарламасы-Командалық байқаулар деген сілтемеде берілген.

Байқауды ұйымдастыру мәселелері жөнінде мына телефонға хабарласуларыңызды сұраймыз:
+7 7172 790174 немесе e-mail: sdf2021@kazenergy.com

Командаларға сәттілік тілейміз!
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.