top
top
Жаңалықтар

«KAZENERGY» қауымдастығы электр энергиясының баланстық нарығының жұмыс істеу мәселелері бойынша жұмыс жиынын өткізді

14 қарашада «KAZENERGY» қауымдастығының кеңсесінде Қазақстанның энергетикалық секторын дамыту және оның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған жұмыс жиыны өтті.
Жиынға мемлекеттік органдар, салалық ассоциациялар және сарапшы қауымдастық өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды:
1. Аймақтық электр желі компанияларына бағытталған қолдау механизмін қолданудың қазіргі жағдайы мен салдары, оның Біріккен сатып алушы бағасына әсері.
Бұл тақырып бойынша баяндама «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі– қаржы есеп айырысу орталығы» ЖШС мамандары тарапынан ұсынылды. Олар Біріккен сатып алушы жұмысының ағымдағы қиындықтарын атап өтті.
2. Электр энергиясының баланстық нарығының жұмыс істеуі.
АҚ «КОРЭМ» өкілдері нарық динамикасын, баланстық провайдерлермен өзара әрекеттесу мәселелерін талқылады.

Қазіргі сала жағдайында реттеудің проблемалық аспектілерін уақтылы анықтау, оларды нарық қатысушыларымен талқылау және бүкіл энергетикалық жүйенің тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдер ұсыну маңызды.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар нарық механизмдерін жетілдіру жұмысының, оның ішінде ақпараттық ашықтықты дамыту маңызды екенін атап өтті.
Арнайы атап өтілгені — нарық қатысушылары тарапынан статистикалық деректерді цифрландыру және жүйелеу сұранысының өсуі. Бұл баға қалыптастыру процесінің айқындығын арттыруға, болжам жасауды жақсартуға және нарықтың барлық қатысушылары арасындағы сенімділікті күшейтуге мүмкіндік береді.

«KAZENERGY» қауымдастығы Қазақстандағы электр энергиясы нарығының тиімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында сала қатысушыларының диалогына ашық алаң қамтамасыз етуді жалғастыра береді.

IMG-20251114-WA0005.jpg

IMG-20251114-WA0004.jpg

IMG-20251114-WA0003.jpg

IMG-20251114-WA0002.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2026 © Барлық құқықтар сақталған.