top
top
Жаңалықтар

«StudentDigitalFest»-2021 байқауының тіркелген командалары туралы

«KAZENERGY» қауымдастығы мен Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг компаниясы 2019 жылдан бастап Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттік командалары арасында «StudentDigigtalFest» командалық байқауын өткізеді.
«StudentDigitalFest» - студенттік топтардың зияткерлік әлеуетін іске асыруға және цифрландыру саласында технологиялық шешімдерді әзірлеуге арналған тиімді платформа.

А.ж. 17 мамырынан бастап 30 маусымға дейін KAZENERGY www.kazenergy.com сайтында студенттік командалардан Байқаудың екінші маусысымына қатысу үшін Сауалнамалар қабылданды. Қазақстанның 14 жоғарғы оқу орнынан барлығы 34 команда Сауалнама тапсырды.

Байқауға 18-25 жас аралығындағы бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқитын барлық оқу курстарының студенттері қатыса алды.

Байқау шарттарында командаларды таңдауға үш Техникалық тапсырма ұсынылды:
  1. Ластаушы заттар, парниктік газдар шығарындыларын және энергия тиімділігін есептеуді автоматтандыру;
  2. Ұңғымалардың тұтастығын бақылау процесін жақсарту және оңтайландыру үшін қысым датчиктерінің қашықтан істейтін жүйесін енгізу;
  3. Техникалық сызбаларда көрсетілген таңбаларды сканерлеу және анықтау үшін үлгіні тануға негізделген іздеу жүйесін әзірлеу.

Командалардың міндеті - бір Техникалық тапсырмаға бір технологиялық шешім әзірлеу. Шешімдерді әзірлеуге ҚПО компаниясының мамандары тұрақты консультация береді.

Ү. ж. 2 шілдеде сағат 16.00-де Нұрсұлтан қаласы уақыты бойынша ZOOM виртуалды платформасында KAZENERGY командаларымен және КПО компаниясының мамандарымен алғашқы кездесу өтеді.
Байқау туралы, оның ішінде кезеңбері туралы толық ақпарат www.kazenergy.com сайтында ұсынылған.

Командаларға табыс тілейміз!
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.