top
top
Жаңалықтар

«StudentDigitalFest-2022» конкурсының финалы туралы

Дүниежүзілік мұнай кеңесінің «Энергетикалық алмасу: ұрпақтар сабақтастығы» VII жастар форумы аясында Алматы қаласында Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғимаратында 2022 жылғы 29-30 қыркүйекте «StudentDigitalFest-2022» командалық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) үшінші маусымының финалы өтті.

Конкурстың бірегейлігі - әрбір техникалық тапсырма шеңберінде процестерді цифрландыру немесе автоматтандыру элементтері бар шешім әзірлеу қажет.
Төрт ай ішінде әртүрлі курстар мен мамандықтардың студенттерінен құралған 21 команда техникалық тапсырма тақырыптарының біріне қойылған міндет бойынша бірлесіп жұмыс істеді.

Финалда конкурстық қазылар алқасының алдында қорғауға арналған жобалармен сараптамалық бағалаудан өткен үздік 7 команда ғана кездесті.

Марапаттау рәсімінде қатысушыларға «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы және «KAZENERGY» қауымдастығы атынан конкурс сертификаттары табысталды.
«StudentDigitalFest» 2022 үшінші маусымының жеңімпаздары:

«Машинада оқыту әдістерін пайдалана отырып ұңғымалар өнімін жинау жүйесін оңтайландыру» тақырыбы бойынша:
- «BUSY» командасы, Астана ИТ-Университет, Астана қ.

«Қалдықтарды басқару» автоматтандырылған жүйесі» тақырыбы бойынша:
- «Dispose» командасы, Алматы Менеджмент Университет, Алматы қ.,
- «Shoqan» командасы, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ.

Байқаудың жалпы жүлде қоры 14 424 АҚШ долларын құрады.

Конкурсты ұйымдастырушылар «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы және «KAZENERGY» қауымдастығы атынан жеңімпаздарды құттықтайды және студенттерге өз мақсаттары мен жобаларын іске асыруда табыс тілейді!

Анықтама:
«Studentdigitalfest» конкурсын 2019 жылдан бастап «KAZENERGY» қауымдастығы «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының демеушілік қолдауымен өткізеді. Үш жылдың ішінде конкурсқа Қазақстанның 40 жоғары оқу орнынан 100-ден астам команда қатысты.

Қосымша ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады: https://kazenergy.com/ru/operation/educational-program/160/1770/

для-релиза-кпо-1.jpg

для-релиза-кпо-2.jpg

для-релиза-кпо-3.jpg

для-релиза-кпо-4.jpg

для-релиза-кпо-5.jpg

для-релиза-кпо-6.jpg

для-релиза-кпо-7.jpg

для-релиза-кпо-8.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.