top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY қауымдастығы мен ExxonMobil корпорациясының кездесуі туралы

11 қараша күні KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақов ExxonMobil корпорациясының Еуразия және Еуропа елдерінің үкіметтерімен өзара іс-қимыл жөніндегі аға директоры Юрия Ким ханыммен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
ExxonMobil компаниясының қауымдастықтың белсенді мүшесі және елдің негізгі энергетикалық жобаларын іске асырудағы сенімді серіктесі ретіндегі маңызды рөлі аталды.

Кездесу барысында KAZENERGY бастамаларын қолдауға ерекше назар аударылды. Бұл бастамалар саланың тұрақты дамуына, заманауи технологияларды енгізуге және инвестиция тартуға бағытталған. ExxonMobil өкілдері қауымдастықтың осы бастамаларын іске асыруға қолдау көрсетуге және ұзақ мерзімді серіктестік қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады.

Кездесу барысында KAZENERGY қауымдастығының 20 жылдық жолының, оның Қазақстан энергетика саласының дамуына қосқан үлесінің және мұнай-газ секторында инновациялық әрі тұрақты тәжірибелерді ілгерілету мақсатында жетекші халықаралық компаниялармен белсенді ынтымақтастық жүргізуінің маңыздылығы атап өтілді.

IMG-20251111-WA0009.jpg

IMG-20251111-WA0008.jpg

IMG-20251111-WA0007.jpg

IMG-20251111-WA0006.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2026 © Барлық құқықтар сақталған.