top
top
Жаңалықтар

«Student Digital Fest» байқауының финалына командаларды іріктеу туралы

KAZENERGY қауымдастығы мен Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг компаниясы 2019 жылдан бері Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттік командалары арасында «StudentDigigtalFest» командалық конкурсын өткізіп келеді.

«StudentDigitalFest» - бұл студенттік топтардың зияткерлік әлеуетін іске асыру және цифрландыру саласында технологиялық шешімдерді әзірлеу үшін тиімді платформа.

Осы жылы командалар мына конкурстық тақырыптар бойынша Сараптамалық кеңестер жұмысы жүргізілді:
  1. Машиналық оқыту әдістерін пайдалана отырып, ұңғымалардың өнімін жинау жүйесін оңтайландыру;
  2. Ұңғымаларды қосуға арналған цифрлық каталог;
  3. «Қалдықтарды басқару» автоматтандырылған жүйесі.
Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша келесі 7 (жеті) команда анықталып, олар өздерінің командалық жұмыстарының тұсаукесерімен конкурстың финалына қатысатын болады.
  1. «MAYDAI» командасы, Алматы менеджмент университеті;
  2. «BUSY» командасы, Астана IT-университеті;
  3. «DUUAI» командасы, Назарбаев Университеті;
  4. «Shoqan» командасы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті;
  5. «Dispose» командасы, «Алматы менеджмент университеті;
  6. «Amplified» командасы, Қазақстан-Британ техникалық университеті.
  7. «SiteLine» командасы, Қазақстан-Британ техникалық университеті.
Байқаудың финалы ү.ж. 29 қыркүйегінде Алматы қаласындағы Дүниежүзілік Мұнай XII жастар форумы аясында өтеді. Бұл байқаудың қазылар алқасының құрамына КПО б. в. компаниясының өкілдері (ТТ әзірлеушілері ретінде) кіреді.

«StudentDigitalFest» конкурсы туралы толығырақ ақпарат www.kazenergy.com сайтында

Командаларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.