top
top
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақтар мен жауаптар
1. Байқауға қатысу үшін команданы қалай тіркеуге болады?
Байқауларға қатысу үшін сауалнаманы 2021 жылдың 31 мамырына дейін мына сілтеме бойынша толтыру қажет: https://sech.kazenergy.com/ командалары одан әрі Student Energy Challenge немесе Student Energy Challenge-Junior байқауларының бірін, сондай-ақ Сауалнама тілін таңдау керек.
Онлайн тіркеуді команда КАПИТАНЫНАН бастау керек. Команданың әрбір мүшесі Байқауға қатысуға жеке өтінім береді. Барлық топ мүшелері сауалнаманы толтырғаннан кейін, барлық топ мүшелеріне команданың тіркелгені туралы хабарлама келеді.
2. Байқауға жеке қатысуға бола ма?
Жоқ, конкурсқа ЖОО-ның 3 студенттен 5 студентке дейінгі құрамдағы командалар ғана қатыса алады. Колледж студенттері үшін қатысушылар саны 3-4 адам.
3. Командаларды әртүрлі мамандықтар/курстар/университеттердің студенттерінен құруға бола ма?
Иә, студенттер кез-келген комбинацияда бір университет немесе бір колледж атынан команда құра алады.
4. Байқауға Қазақстаннан тыс жерлерде оқитын студенттер қатыса ала ма?
Жоқ, Байқау Қазақстандағы ЖОО мен колледждерде білім алатын студенттерге арналған.
5. Байқауға жұмыс істейтін мамандар қатыса ала ма?
Байқауға барлық командалар үшін тең жағдайды қамтамасыз ету үшін кез келген курста оқитын бакалавриат және магистратура студенттері, колледж студенттері қатыса алады.
6. Байқауға қатысу үшін жас шектеулері бар ма?
Иә, байқауға 18-25 жас аралығындағы ЖОО студенттері қатыса алады. Колледж студенттері 16-21 жас аралығында. Ұйымдастырушылар ұлдар мен қыздардың өтініштерін құптайды және тең құқықтар мен мүмкіндіктер қағидасын ұстанады.
7. Қазақстан азаматтары болып табылмайтын студенттер Байқауға команда құрамында қатыса ала ма?
Иә, егер қазіргі уақытта студент азаматтығына қарамастан ҚР жоғары оқу орны мен колледжінің студенті болып табылса, команда құрамында қатысуына рұқсат етіледі.
8. Колледж командалары үшін видеорезюме ұсыну тіліне қатысты қандай талаптар қойылады?
Видеорезюме ұсыну талаптары колледж командаларына ғана қатысты және үш тілдің кез келгенінде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, бірақ қазақ және орыс тілдерінде қысқаша тезиспен жіберуге болады.
9. Жоба/идея паспортын ұсыну тіліне қатысты қандай талаптар бар?
Колледж командалары үшін жобалар/идеялар паспорттары әзірленіп, ұйымдастырушыға екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде ұсынылуы тиіс. ЖОО командалары жобалардың/идеялардың паспорттарын үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әзірлейді және ұсынады.
10. Жоба/идея паспортын әзірлеу кезінде командалар оқытушылар (профессорлар) мен тәлімгерлердің көмегін пайдалана ала ма?
Команда Байқауға ұсынған жобасы/идеясы өз жұмысының және/немесе зерттеуінің нәтижесі екенін түсініп, мойындауы керек. Тәлімгерлердің қолдауын тек кеңес алу мақсатында ғана пайдалануға болады. Плагиатқа абай болыңыз және тиісті дереккөздерге сілтемелер беріңіз. Егер Ұйымдастырушылар берілген өтінім команданың өз жұмысының нәтижесі емес екенін анықтаса, команданы қатыстырмайды.
11. Байқау барысында ұсынылатын/әзірленетін жобаның/идеяның паспортына зияткерлік меншік құқығына кім ие болады?
Байқауға әзірленген жобаның/идеяның ұсынылған паспорттары авторлардың меншігінде қалады.
12. Колледж командаларына видеорезюме ұсыну мерзімін ұзартуға бола ма?
Команданың видеорезюмесі Ұйымдастырушыға көрсетілген мерзімде ұсынылады. Байқау кезеңдері бойынша мерзімдер төмендегі сайтта тиісті бөлімдерде берілген: www.kazenergy.com→ Білім беру бағдарламасы→Байқау командалары және одан әрі Student Energy Challenge немесе Student Energy Challenge-Junior байқауларының бірін таңдау керек.
13. Колледж командаларына видеорезюмені бағалау кезінде қандай критерийлер қолданылады?
1. Видеорезюменің өзіндік ерекшелігі
2. Байқау тақырыбын таңдаудың негіздемесі
3. Команда мен ондағы рөлдерді ұсыну (капитан, команда мүшелері, команда атауы, колледж, мамандық, оқу курсы)
4. Жобаны болжамды іске асырудан күтілетін нәтиже
5. Байқауға қатысудан күтілетін нәтиже
14. Колледж командалары ұсынған видеорезюмені кім бағалайды?
Student Energy Challenge-Junior байқауына қатысушы командалар ұсынған видеорезюмелерді қарау үшін іріктеу комиссиясы құрылады.
15. Байқаудың қазылар алқасының құрамына кімдер кіреді?
Әдетте қазылар алқасының құрамына мұнай-газ/энергетика салаларының, ғылыми және ғылыми-зерттеу мекемелерінің, келісім бойынша Демеушінің, Ұйымдастырушының өкілдері кіреді.
16. Жоба/идея паспортын қорғауға шақырылған командалар үшін жол жүру шығындары өтеле ме?
Иә, шығындар Байқаудың Ұйымдастырушылары есебінен өтеледі. Байқаулар онлайн форматта өткізілген жағдайда финалшы командаларға виртуалды платформаға қосылу және өз жобаларын/идеяларын қорғау үшін сілтеме жіберіледі.
17. Байқау шеңберінде қосымша іс-шаралар ұйымдастырыла ма?
Иә, Байқау аясында «Shell NXplorers» сыни ойлау дағдыларын дамыту бойынша вебинар (онлайн) ұйымдастырылады.
18. Тренингтер мен вебинарларға қатысу міндетті ме?
Командаға тренингте толық қатысқаны үшін 5 балл беріледі.
19. Егер команданың толық құрамы финалдық іс-шараға қатыса алмаса, не істеу керек?
Команда ұйымдастырушыларға өзгеріс туралы мүмкіндігінше ертерек хабарлауы керек. Егер команда жобаны/идеяны қорғауға шақырылса, кем дегенде 2 студент команда атынан қатысуы керек-1 команда мүшесі және капитан.
20. Байқауға қатысушыларда Ұйымдастырушылар компаниясына немесе кез келген басқа мұнай-газ компаниясына жұмысқа орналасуға немесе тәжірибеден өтуге мүмкіндік бола ма?
«Student Energy Challenge» және Student Energy Challenge-Junior байқаулары қызметкерлерді іріктеу және жалдау процесі емес және Байқауға қатысу жұмысқа қабылдау кезіндегі бағалауға әсер етпейді.
21. ЖОО-лар үшін ғылыми жетекші мен ментордың қатысуы міндетті ме?
Міндетті емес, бірақ жобалардың/идеялардың паспорттарын әзірлеуге жәрдемдесу мақсатында командалардың ғылыми жетекшіні де, менторды да тартуына болады.
Ғылыми жетекші және (немесе) ментор команда құрамына кірмейді.
22. Колледж командалары үшін басшының қатысуы міндетті ме?
Иә, міндетті.
23. Ғылыми жетекші мен ментордың айырмашылығы неде?
Ғылыми жетекші – команданы ұсынған ЖОО-ның оқытушылар құрамындағы адам.
Ментор – тәуелсіз кеңесші-консультант. Менторды бизнес орта, ғылыми орта, сараптама қоғамдастығы өкілдерінің қатарынан тартуға болады.
24. ЖОО командалары үшін жобар/идея паспорттарына сараптаманы кім жүргізеді?
Жоғары оқу орындарының командалары ұсынған жобалардың/идеялардың паспорттарын сараптауды Байқаудың бағыттары мен тақырыптары бойынша тиісті салалардағы кәсіби және сараптамалық қызметте үлкен тәжірибесі бар тәуелсіз сарапшылар жүргізеді.
25. ЖОО командалары жобаларының/идеяларының паспорттарын сараптау неге әсер етеді?
Жобалар/идеялар паспорттарын тәуелсіз сараптау қорытындысы бойынша Ұйымдастырушылар жобаларды қорғауға қатысатын Байқаудың финалына өткен командалардың сараланған тізімін жасайды.
26. ЖОО командалары видеоролик-презентацияны әзірлеуге қай кезеңде кірісуі керек?
Жобалардың/идеялардың паспорттарын ұйымдастырушыға ұсыну аяқталғаннан кейін жобаларды/идеяларды визуализациялау бойынша видеоролик-презентацияларды әзірлеу үшін визуалды креатив саласындағы әлеуетті жеткізушілерді іздеуді бастау ұсынылады.
27. Видеоролик-презентацияны ЖОО-лардың қандай командалары әзірлеуі тиіс?
Видеоролик-презентацияны Байқаудың финалына өткен командалар әзірлеуі тиіс.
28. ЖОО командаларының видеоролика-презентацияны жасауға жұмсайтын шығындары өтеле ме?
Иә, видеоролик-презентацияны жасау шығындарын Ұйымдастырушылар өтейді. Ол үшін командалар визуалды креатив саласындағы әлеуетті өнім берушілердің байланыс деректерін шарт жасасудың кейінгі рәсімі үшін «KAZENERGY» ұйымдастырушысына ұсынуы қажет.
29. Student Energy Challenge-Junior байқауының колледждерінің командаларын қорғау қалай өтеді?
Колледждердің атынан өнер көрсететін финалшы командалар Байқаудың қазылар алқасының алдында өздерінің жоба/идея паспортының презентациясын еркін нысанда ұсынады.
30. ЖОО командалары үшін видеоролик-презентацияларды кім жасайды?
Команда видеоролик-презентацияны әзірлеу мақсатында өз қалауы бойынша таңдайтын компания-визуалды шығармашылық саласындағы жеткізуші. Ол үшін команда Техникалық тапсырма әзірлейді. Видеопрезентация жасау бойынша Техникалық тапсырманы әзірлеу жөніндегі кейбір ұсынымдар туралы мына сілтеме бойынша өтіп, видеороликтен қарай аласыз https://kazenergy.com/kz/operation/educational-program/157/1859/.
31. ЖОО командаларының видеоролик-презентациясында не қамтылуы тиіс?
Презентациялық роликке қойылатын талаптар:
1. Өнімнің, мақсатының, процестің, технологияның сипаттамасы және т.б. – 30 сек дейін. (атауы, не үшін және т. б);
2. Ролик 2D форматында немесе 3D графикамен аралас форматта, анимацияда орындалуы тиіс және берілген мақсаттарға қол жеткізілетін аспап моделінің жұмыс қағидаттары мен конструктивтік ерекшеліктерін (объектілерді, механизмдерді, құрылымдарды, қоршаған ортаны, қозғалатын/жылжымайтын механизмдерді, құрамдас бөліктерді, жұмыс процесін және т.б. модельдеу) және т. б. қамтуы тиіс (100 сек. дейін);
3. Аспаптың/құрылғының негізгі артықшылықтарын түсіндіру (50 сек. дейін);
4. Аспапты іске қосып, мысалдармен көрсету (50 сек. дейін);
5. Электрондық тасымалдағыштағы роликті Ұйымдастырушыға ұсыну.
6. Роликтің жалпы хронометражы – 4 минуттан көп емес.
Жоба/идея паспортының видеопрезентациясын әзірлеу туралы техникалық тапсырманы әзірлеу жөніндегі видеонұсқаулық мына сілтеме бойынша жарияланған: https://kazenergy.com/kz/operation/educational-program/157/1859/.
32. Экономикалық негіздеме дегеніміз не?
Бұл жобаны/идеяны әзірлеу шығындарын, шығындарды, кез-келген кірістің мүмкіндіктерін қамтитын пайданың сипаттамасы. Команда жобаның/идеяның тартымдылығын анықтау, сәтті мүдделі тараптарды (кәсіпорындарды) анықтау үшін қарапайым талдауды ұсына алады.
33. Экологиялық негіздеме дегеніміз не?
Жоба паспортын жазған кезде «Экологиялық негіздеме» бөлімінде өнімнің, тауардың, қызметтің экологиялығын сипаттау және қолдану барысында іске қосқан кездегі зиянсыздығын сипаттау ұсынылады. Яғни, соңғы тұтынушы тауардың, қызметтің өнімі (әзірлемесі) экологиялық таза екеніне сенімді болуы тиіс. Экологиялық зиянсыздық деп өмірлік цикл кезеңдеріндегі әсерді айтады (мысалы, биологиялық ыдырайтын пластик, әйнекті қайта пайдалану, органикалық материалдар және т.б.). Экологиялық әзірлеме деп, мысалы, қоршаған ортаны пайдалану саласындағы мәселелердің шешімін айтады.
34. Жобаны коммерцияландыру дегеніміз не?
Коммерцияландыру мүмкіндігі идеяны іске асыруды, кәсіпорындардың табыс табуы мақсатында зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізуді білдіреді.
35. Байқауда неше кезең бар?
Student Energy Challenge байқауы 4 кезеңнен тұрады, ол кезеңдерді Байқау туралы ережеден қарай аласыз. Student Energy Challenge-Junior байқауы 3 кезеңнен тұрады.
36. Байқаудың жүлде қоры қандай?
1. Student Energy Challenge жеңімпаз командалары кезең-кезеңімен ақылы цифрлық тәжірибеден өтеді.
2. Student Energy Challenge-Junior байқауының 2021-2022 оқу жылына арналған жүлде қоры (команданың әрбір мүшесіне 10 ай бойы):
1-орын – 40 000 тг.
2 место – 35 000 тг.
3 место – 30 000 тг.
37. Командалар оқу кезеңінде жоба/идея паспорттарын қорғауға қалай қатысады?
Ұйымдастырушылар финалшы командалардың ЖОО-лары мен колледждеріне командалардың Байқау финалына қатысатыны туралы ресми хат жібереді. Байқау аяқталғаннан кейін Ұйымдастырушылар жоғары оқу орындары мен колледждерге Байқау нәтижелері туралы жазбаша хабарлайды.
38. Байқау Ұйымдастырушыларының байланыс деректері:
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.