top
top
Жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты есебінен білім алу (NCOC N.V., KPO B.V. компанияларының қаражаты есебінен берілетін білім гранттары)

Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобалары қаражаты есебінен білім беру гранттары

Жыл сайын 2015 жылғы 29 қыркүйекте қол қойылған Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, “PSA” ЖШС, НКОК Н.В., “КПО Б.В.” және “KAZENERGY” қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобалары шеңберінде бөлінетін қаражат есебінен оқу ақысын төлеуге үміткерлерді іріктеу жүргізіледі.

Жер қойнауын пайдаланушылар бөлетін қаражат есебінен оқу ақысын төлеуге кандидаттарды іріктеу жөніндегі конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады:   
  • 1) жалпы білім беретін мектептердің (оның ішінде шағын жинақты мектептердің, гимназиялардың, лицейлердің, бейіндік мектептердің) түлектері;
  • 2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында (оның ішінде негізгі орта және (немесе) жалпы орта білім беру базасында училищелерде, колледждерде және жоғары колледждерде) білім алушылар;
  • 3) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылар (ұлттық зерттеу университеті, ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы, зерттеу университеті, университет, академия, институт және оларға теңестірілген ұйымдар).

2023-2024 оқу жылына арналған конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін құжаттарды қабылдау және тіркеу 2023 жылғы 20 шілдеден бастап 31 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Электрондық өтінімді grant.kazenergy.com сайтына жоғарыда көрсетілген мерзімде толтыру қажет.

1. Қазақстан Республикасының колледждеріне түскен және оқитын тұлғалар үшін конкурсқа қатысу шарттары:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • оқу орнына шартсыз қабылдау немесе оқыту (сондай-ақ білім алушыларда қаржылық берешектің болмауы);
  • үлгерімінің келесі көрсеткіштерге сәйкестігі:
    • негізгі орта білім туралы куәліктің немесе жалпы орта білім аттестатының орташа балы 1 (бірінші) курсқа түскен адамдар үшін кемінде 4,0 (5,0-ден);
    • техникалық және кәсіптік білім туралы диплом бойынша мамандық (оның ішінде жұмыс) алған кандидаттың және білім алушының үлгерімінің орташа балы – өткен оқу жылы үшін кемінде 4,5 (5,0-ден).

2. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түскен және оқитын адамдар үшін конкурсқа қатысу шарттары:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • оқу орнына шартсыз қабылдау немесе оқыту (білім алушыда қаржылық берешек болмаған кезде);
  • үлгерімінің келесі көрсеткіштерге сәйкестігі:
    • ҰБТ/КТ сертификаты * 80 балл және одан жоғары ***.
    • диплом бойынша кандидаттың үлгерімінің орташа балы бакалавриаттың 1 (бірінші) курсына түскен адамдар үшін кемінде 4,0 (5,0-ден);
    • бакалавриаттың 1 (бірінші) курсын аяқтаған үміткерлер үшін GPA кемінде 3,0 (В);
    • бакалавриаттың 2-3 (екінші, үшінші) курстарында оқуды аяқтаған кандидаттар үшін GPA кемінде 3,33 (В+)**;
    • Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық курстарында оқитын кандидаттар үшін GPA кемінде 3,33 (В+) * *.

* Комиссия конкурстың тиісті өткізілетін жылында ҰБТ және КТ форматына қатысты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жаңа енгізілімдерін ескере отырып, ҰБТ-ға, КТ-ға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығын өзіне қалдырады.

** Білімді бағалаудың өзге жүйесі жағдайында оқу бөлімімен расталған үлгерім туралы gра 3,0 немесе 3,33 (жоғарыда көрсетілген шарттарда) эквивалентті анықтаманы ұсыну қажет.

*** SAT (ЭсЭйТи-САТ), ACT (ЭйСиТи), IB (АйБи) халықаралық стандартталған тест сертификаттары болған жағдайда ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілгенжоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына 2-1-қосымшаға сәйкес балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес ҰБТ балдарына ауыстырылуы тиіс (ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.06.2023 жылғы № 252 бұйрығының редакциясында)

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі:
  1. Колледждерге түсетін және оқитын тұлғалар
  2. Жоғары және (немесе) жоғары білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға түсетін және оқитын тұлғалар
  3. Конкурсқа қатысуға өтінім беруге арналған нұсқаулық

Электронды өтінішті жоғарыда көрсетілген мерзімде grant.kazenergy.com сайтында толтыру қажет.

ЖОО мен колледждерінде медициналық мамандықтар бойынша оқытуды жалғастыратын студенттерді қаржыландыру квота шеңберінде жүзеге асырылады.

Қосымша ақпарат алуды қажет ететін студенттердің оқуын қаржыландыру бойынша шектеулер бар.


Барлық сұрақтар бойынша 8 (7172) 79 49 75 телефонына, сондай-ақ candidate@kazenergy.com эл. мекенжайына хабарласуларыңызды өтінеміз.


Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.