«KAZENERGY» қауымдастығы мен Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг компаниясы 2019 жылдан бастап Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттік командалары арасында «StudentDigigtalFest» командалық байқауын өткізіп келеді.
«StudentDigitalFest» - студенттік топтардың зияткерлік әлеуетін іске асыру және цифрландыру саласында технологиялық шешімдерді әзірлеуге арналған тиімді платформа.
Ағымдағы жылғы 6-10 қыркүйек аралығында Сараптамалық кеңес байқаудың төмендегі тақырыптары бойынша жұмыс жүргізді:
- Ластаушы заттар, парниктік газдар шығарындыларын және энергия тиімділігін есептеуді автоматтандыру.
- Ұңғымалардың тұтастығын бақылау процесін жақсарту және оңтайландыру үшін қысым датчиктерінің қашықтан істейтін жүйесін енгізу.
- Техникалық сызбаларда көрсетілген таңбаларды сканерлеу және анықтау үшін үлгіні тануға негізделген іздеу жүйесін жасау.
Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша келесі 7 (жеті) команда анықталды, олар өздерінің командалық жұмыстарының презентациясымен байқаудың финалына қатысады.
- «Jojo Aupet Crusaders» командасы, «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ;
- «Androgynous» командасы, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті КЕАҚ;
- «Digital_EKTU» командасы, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті;
- «BOTTi» командасы, Қазақстан-Британ техникалық университеті;
- «Shoqan» командасы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті;
- «SKYWALKERS» командасы, Назарбаев Университет;
- «KazTech» командасы, Назарбаев Университет.
Байқаудың финалы ағымдағы жылдың 5 қазанында «Кадрларды жаңа шындықта даярлау: қайта ойлаудан қайта құруға дейін» KAZENERGY XII жастар форумы аясында өтеді. Бұл байқаудың қазылар алқасының құрамына КПО б. в. компаниясының өкілдері (ТТ әзірлеушілері ретінде) кіреді.
Финал қорытындысы бойынша барлық жеңген командаларға 15 000 АҚШ доллары жүлде қоры қарастырылған.
«StudentDigitalFest» байқауы туралы толығырақ
www.kazenergy.com сайтында.
Командаларға табыс пен жеңіс тілейміз!