top
top
Үйлестіру кеңестері мен комитеттері

Мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі үйлестіру
кеңесі қызметінің негізгі бағыттары

Сараптамалық пікірді қалыптастыру және (немесе) «KAZENERGY» қауымдастығының тиісті мүшелерінің бірыңғай ұстанымын қалыптастыру мақсатында Мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі «KAZENERGY» қауымдастығының мынадай стратегиялық басымдықтары (қызмет бағыттары) бойынша мәселелерді қарайды:

1. «Жасыл энергетика» жобаларын дамыту (жаңартылатын және баламалы көздер)
  • салааралық сипаттағы мәселелерді талқылауды үйлестіру, сондай-ақ мұнай-газ секторының ірі компаниялары бастамашылық ететін ЖЭК гибридтік және өзге де жобаларын дамыту үшін реттеуші кедергілерді жою.

2. Мұнай-газ химиясы және көмір химиясы жобаларын дамыту:
  • синергия әсерін өндірісті бір жерде, атап айтқанда Атырау облысындағы арнайы мұнай–химия аймағында шоғырландыру есебінен, оның инфрақұрылымының құрылысын аяқтай отырып пайдалану;
  • орталық уәкілетті органдарды, жергілікті атқарушы органдарды, бизнес пен кәсіпкерлік бірлестіктерді тарта отырып, экономиканың барлық салаларын ескере отырып, орта және ұзақ мерзімді кезеңде ішкі нарықтың полимерлі өнімге қажеттілігін айқындау;
  • мұнай-газ-химия жобаларына (инвестициялық келісімдерге)инвестиция салатын компаниялар үшін мұнай мен газды өндіру және экспорттау бойынша ерекше жағдайлар беру тетіктерін әзірлеу;
  • мұнай-газ химиясы кәсіпорындарын ұзақ мерзімді газ жеткізумен қамтамасыз етудің ашық нарықтық тетіктерін әзірлеу;
  • кәсіпорындардың технологиялық мүмкіндіктерін айқындау, көмір химиясы саласындағы жобаларды іске асыратын кәсіпорындарды фискалдық және реттеушілік қолдау шараларын әзірлеу және іске асыру.
3. Газ жобаларын дамыту
  • ұзақ мерзімді газ стратегиясына және елдегі газ нарығын дамытуға талдау және ұсыныстар;
  • газдың ресурстық базасын кеңейту, мұнай-газ кен орындарын барлауға және игеруге инвестицияларды фискалдық және реттеушілік ынталандыру шараларын әзірлеу арқылы газ жобаларын қолдау (жер қойнауын пайдалануға арналған жақсартылған модельдік келісімшарттар);
  • газ өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау және тұтыну теңгерімін әзірлеуге жәрдемдесу;
  • кен орындарында қаттық қысымды ұстап тұру үшін кері айдауды, халықтың, мұнай-газ-химия кәсіпорындарының тұтынуын, көмір генерациясын төмендетуді қоса алғанда, ілеспе газды пайдаланудың перспективалық бағыттары бойынша стратегиялық ұсыныстар әзірлеу;
  • мұнай-газ кен орындарында газ қалпақтарын игеруге тартуды ынталандыру бойынша жұмысқа қатысу;
  • газ тасымалдау жүйесін салуға және жаңғыртуға инвестициялар үшін инвестициялық преференцияларды қолдау.
4. Геологиялық барлауға жаңа инвестицияларды қолдау және мұнай-газ өндіруші кәсіпорындар қызметіндегі реттеуші кедергілерді жою
  • жер қойнауын пайдалануға арналған жақсартылған модельдік келісімшарт негізінде инвесторларды фискалдық және реттеушілік ынталандыру шаралары пакетін әзірлеу арқылы көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі жобаларға жаңа инвестицияларды қолдау;
  • аз зерттелген және перспективасы аз шөгінді бассейндерде жер қойнауының мұнай-газдылығын геологиялық зерттеудің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған ЖГН-ға келісімдердің жаңа моделін әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
  • Қазақстан Республикасының геология саласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасына және Қазақстан Республикасының тиісті ұлттық жобасына талдау және ұсыныстар;
  • заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындау үшін кәсіпорындардың қаржы-экономикалық жағдайын талдау;
  • құқық қолдану практикасындағы ағымдағы және жүйелі проблемаларды шешу, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы, көмірсутектерді тасымалдау, қайта өңдеу және мұнай өнімдерінің айналымы туралы заңнама бойынша тұрақты, теңгерімді және кемсітпейтін тәсілді қамтамасыз ету;
  • мұнай-газ өндіруші кәсіпорындар қызметінде цифрландыруды дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған отын-энергетика кешенін цифрландыру стратегиясына талдау және ұсыныстар.;
  • технологиялар трансферті және мұнай-газ өндіруші кәсіпорындарды технологиялық жаңғырту;
  • халықаралық мұнай-газ машина жасау орталығын дамытуға жәрдемдесу;
  • ірі мұнай-газ жобаларын дамыту мәселелері бойынша сарапшылардың, компаниялар мен реттеушілердің қатысуымен rәсіби диалог үшін сараптама алаңдарын құру және олардың жұмысын ұйымдастыру;
  • мұнай-газ кешенінің маңызды жобаларын дамытуға қатысатын жер қойнауын пайдаланушылар мен компаниялардың сатып алуы мен қызметінде отандық қамтуды қолдау; мұнай-газ саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілерге қойылатын стандарттар мен талаптарды біріздендіру.
5. Отандық кәсіпорындардың мүдделерін ескеретін ұлттықтан жоғары реттеу шарттары (ЕАЭО мұнай, газ, мұнай өнімдерінің ортақ нарықтары)
  • мұнай, газ және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын, сондай-ақ ЕАЭО ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бойынша ұлттық деңгейден жоғары деңгейде реттеуді әзірлеу мәселелері бойынша Қазақстанның энергетика саласы кәсіпорындарының мүдделерін білдіру.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.