top
top
Жаңалықтар

“Shell NXplorers” онлайн-тренингісі туралы

Жыл сайынғы «Student Energy Challenge» байқауының қатысушылары (Конкурс) «Shell NXplorers» тренингіне қатысты. Ү.ж. 2-3 маусымда екі күндік онлайн тренинг өтіп, оған Байқауға сәті тіркелген жоғары оқу орындарының 62 комадасының өкілдері, 120-дан астам студент қатысты.

Тренинг бағдарламасы жүйелі ойлау түрлерімен, мәселелердің кешенділігі ұғымымен танысу және есептерді анықтау және шешу үшін құралдарды қолдану үшін топтардағы интерактивті сессияларды қамтыды.

Екі күндік "Shell NXplorers" бағдарламасы жүйелі ойлау дағдыларын, сценарийлік жоспарлауды, сондай-ақ көшбасшылық қасиеттерді дамыту арқылы қатысушылардың тұрақты даму тұжырымдамасын терең түсінуін қалыптастыруға көмектеседі.
Кешенді міндеттерді шешуге әзірленген жүйелі тәсіл командаларға жобаларының паспорттарын әзірлеуге және оларды одан әрі қорғау кезінде мақсатқа қол жеткізуіне ықпал ететін болады.

2017 жылдан бастап "KAZENERGY" қауымдастығы "Шелл Қазақстан" компаниясының қаржылық қолдауымен және онымен серіктесе отырып еліміздің барлық жоғары оқу орындарының студенттері үшін "Student Energy Challenge-Junior" зияткерлік командалық конкурсын, сондай-ақ колледж оқушылары үшін "Student Energy Challenge-Junior" конкурсын өткізіп келеді.

Командаларға табыс тілейміз!

Ұйымдастырушылар.

z1.jpg

z2.jpg

z3.jpg

z4.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.