top
top
Жаңалықтар

«Student Energy Challenge» конкурсының финалына өткен командалар анықталды

KAZENERGY Қауымдастығы мен «Шелл Қазақстан Б.В.» компаниясы атынан «Student Energy Challenge» командалық зияткерлік конкурсын ұйымдастырушылар (бұдан әрі - ұйымдастырушылар) конкурстың кезекті кезеңінің - ұсынылған жобалар паспорттарын сараптау аяқталғаны туралы хабарлайды.

Конкурс шарттарына сәйкес, 2022 жылғы 22 шілде мен 5 тамыз аралығында қажетті кәсіби сараптамалық тәжірибесі бар тиісті жұмыс бағыттары бойынша сарапшыларды тарта отырып, 21 команданың жобалар паспорттарына тәуелсіз сараптамалық бағалау жүргізілді.

Сараптама конкурстың белгіленген критерийлеріне сәйкес мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
  • өндіруші салалардағы энергия ауысуы;
  • ұқыпты тұтыну және қоршаған ортаға шығарындыларды азайту;
  • қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу;
  • цифрландыру.
Конкурстың финалы Алматы қаласында Дүниежүзілік мұнай кеңесінің VII жастар форумы аясында өтеді, онда командалар өз жобаларын қазылар алқасының алдында қорғайтын болады. Ұйымдастырушылар байқаудың финалына келесі 10 (он) команданы шақырады:

"Қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу" бағыты бойынша:
1. Chikara, Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті

«Цифрландыру» бағыты бойынша:
2. HARDC0DE, Астана IT-университет, Нұр-Сұлтан қ.
3. Energy-Intelligence, Назарбаев Университет, Нұр-Сұлтан қ.
4. Castling, Жәңгір Хан Университеті, Орал қ.

"Ұқыпты тұтыну және қоршаған ортаға шығарындыларды азайту" бағыты бойынша:
5. Green Team, Ш.Есенов ат. Каспий технология және инжиниринг университеті
6. H2O, Х. Досмұхамедов ат. Атырау Университеті
7. Тамшы, Назарбаев Университет, Нұр-Сұлтан қ.
8. Battery Recycling, әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Алматы қ.

"Өндіруші салалардағы энергия ауысуы" бағыты бойынша:
9. Solar Soul, Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті
10. Plast-K, Қазақ-Британ техникалық университеті, Алматы қ.,

Командаларға табыс тілейміз!
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.