2020 жылғы 21 тамызда сағат 10.00-де «Ernst & Young Kazakhstan» Бизнес академиясының қолдауымен «Student Energy Challenge» байқауына қатысушылар үшін «Тиімді презентация жасау» тақырыбында вебинар форматында мастер-класс өтті.
Байқау шеңберінде командаларға идеяларды қысқаша сипаттай отырып, видеопрезентациялар құру бойынша жұмыс жүргізу қажет.
«Ernst & Young Kazakhstan» Бизнес академиясының оқытушы-консультанты және бизнес-тренері Алуа Ахметова «Тиімді презентацияны» қалай дайындау керектігі жөнінде тренинг өткізіп, лайфхактармен бөлісті. Алуа Ахметова өзгерістерді басқаруда, тұлғааралық және бизнес-коммуникацияларда, жеке және командалық тиімділікте, консалтинг және бизнесті дамытуда коучинг форматындағы тренингтерді өткізуге маманданған.
Вебинар аясында Байқау командалары презентациялармен жұмыс істеудің қол жетімді құралдары мен практикалық тәсілдерін, оның ішінде құрылымды таңдауды, есте сақтау факторларын, коммуникация кедергілерін, сұрақтармен жұмыс істеуді, психологиялық айкидо приницптерін, презентациядағы сторителлинг негіздерін зерттеді.
Вебинардың соңында бизнес-жаттықтырушы өмірлік қорларды эмоционалды фонға (мысалдар, әңгімелер, тәжірибе), жеке күш көздерінің ресурстық тепе-теңдігіне (психика, рух, қоғам) және т. б. әсер ету үшін қолдануды ұсынды.
Өткізілетін іс-шаралармен (тренингтер, вебинарлар) Академияның сайтынан:
https://academyey.com/ қарауға болады.
Ағымдағы жылдың 17 тамызынан бастап тау-кен өндіру және өңдеу салаларында тиімділікті арттыру; экология/денсаулықты қорғау; электр энергетикасы / жаңартылатын және баламалы энергия көздері; өндіруші салаларда цифрлық технологиялар мен тиімді инновациялық шешімдерді енгізу бағыттары бойынша 19 команда ұсынған жоба паспорттарын бағалау бойынша тәуелсіз сарапшылардың жұмысы басталғанын қосымша хабарлаймыз. Паспорттардың сараптамасы ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін өтеді.
Сараптамалық қорытындыларды ұсыну бойынша сараланған тізім жасалып, 14 команда іріктеледі, олар ағымдағы жылдың қазан айында онлайн форматтағы жобаларды қорғауға жіберіледі.
Естеріңізге сала кетейік, «Student Energy Challenge» байқауының жеңімпаздарын «Шелл Қазақстан» компаниясының сыйлықтары күтеді (10 000 АҚШ долларына дейін).
Конкурс туралы ақпаратпен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады:
https://www.kazenergy.com/ru/operation/educational-program/156/1099/