top
top
Жаңалықтар

Бесінші «Student Energy Challenge» және «Student Energy Challenge-Junior» интеллектуалдық командалық байқауы өтетінін жариялаймыз!

Құрметті қазақстандық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері!

Бесінші «Student Energy Challenge» және «Student Energy Challenge-Junior» интеллектуалдық командалық байқауы өтетінін жариялаймыз!

2017 жылы бастау алған, «KAZENERGY» қауымдастығы «Шелл Қазақстан» компаниясымен серіктесе отырып әрі оның демеушілігімен өткізетін (Ұйымдастырушылар) «Student Energy Challenge» (Байқау) мерейтойлық байқауында энергетикалық саладағы ең жарқын идеялардың авторлары – қазақстандық студенттер тағы да бас қосады.
Байқаудың бес жылдығына орай Ұйымдастырушылар колледж студенттеріне арналған жеке бағытпен – «Student Energy Challenge-Junior» байқауымен кеңейтті.
Жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне энергетикадағы экологиялық қауіпсіздік; инновациялар мен таза көмір технологиялары, озық технологиялар мен тиімді шешімдерді енгізу; шикі газды қайта өңдеу; көліктегі СО2 шығарындыларын азайту және т.б. саладағы инновациялық идеялар әзірлеуге мүмкіндік беріледі.

Байқауға қатысуға бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқып жүрген кез келген курстағы студенттер, сондай-ақ колледждердің кез келген курсындағы студенттер шақырылады.

ЖОО арасындағы жеңімпаз командалар өз мамандығы бойынша Қазақстанның салалық кәсіпорындарында ақылы тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады.
Колледждер арасындағы жеңімпаз командаларға 2021-2022 оқу жылына ай сайынғы стипендия беріледі.

Байқаулар, оның кезеңдері туралы толық ақпарат төмендегі сайтта ұсынылған: www.kazenergy.com-Қызметтер-Білім беру бағдарламасы-Командалық байқаулар.
Байқауды ұйымдастыру мәселелері бойынша мына телефонға: +7 7172 790174 немесе мына e-mail-ға: хабарласуларыңызды сұраймыз.
sech2021@kazenergy.com – ЖОО командалары үшін
sech-junior@kazenergy.com – колледж командалары үшін

Командаларға сәттілік тілейміз!
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.