top
top
Жаңалықтар

“Student Energy Challenge” алтыншы маусымының командаларына арналған “Shell NXplorers” онлайн-тренингі өтетінін туралы

«KAZENERGY» қауымдастығы «Шелл Қазақстан» компаниясымен серіктесе отырып әрі оның қаржылық қолдауымен ЖОО студенттік командалары арасында «Student Energy Challenge» алтыншы зияткерлік командалық конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) және Қазақстан колледждері командаларының өкілдеріне арналған «Student Energy Challenge-Junior» байқауының екінші маусымын өткізеді

Тіркеуден сәтті өткен ЖОО командалары үшін 2022 жылғы 2-3 маусымда сағат 14:00-ден 18.00-ге дейін "Шелл Қазақстан" компаниясы "Shell NXplorers" сыни ойлау дағдыларын дамыту бойынша екі күндік онлайн-тренинг өткізеді. "Shell NXplorers" тренингі қатысушыларға кешенді міндеттерді шешуде оң өзгерістерге қол жеткізу үшін құралдар мен әдіснаманы ұсына отырып, сыни ойлауды дамытуға арналған. Тренинг барысында қатысушылар проблемалардың түп-тамырын терең зерделеуді, болашақтың даму сценарийлерін құруды және оң өзгерістерді жүзеге асыруды үйренеді.

Күрделі міндеттерді шешуге әзірленген жүйелі тәсіл командалардың өз жобаларының паспорттарын әзірлеу және оларды одан әрі қорғау кезінде мақсатқа қол жеткізуіне ықпал ететін болады. Тренингке қатысқан командаларға 3 балл беріліп, "Shell NXplorers" сертификаты беріледі.

Тренингтен басқа, жобалық жұмыстарды сүйемелдеу мақсатында жоғары оқу орындарының командаларына "Шелл" компаниясының тәжірибелі қызметкерлері менторлық көмек көрсетеді.
Конкурс туралы ақпаратты толығырақ мына сілтеме бойынша қарауға болады: https://www.kazenergy.com/ru/operation/educational-program/156/1099/
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.