top
top
Жаңалықтар

Жобалар паспорттарының тәуелсіз сараптамасының қорытындысы бойынша «Student Energy Challenge» байқауының финалына өткен командалар анықталды

«Student Energy Challenge» зияткерлік командалық байқауының ұйымдастырушылары KAZENERGY Қауымдастығы мен «Шелл Қазақстан б.в.» компаниясы (бұдан әрі - Ұйымдастырушылар) конкурстың кезекті кезеңінің және ұсынылған жобалар паспорттарын сараптау аяқталғаны туралы хабарлайды.

Байқау шарттарына сәйкес 2020 жылғы 17-31 тамыз аралығында осы бағыттар бойынша салаларда да, сараптама қызметінде де жұмыс тәжірибесі бар сарапшылардың тиісті жұмыс бағыттары бойынша 19 команда жобаларының паспорттарына тәуелсіз сараптамалық бағалау жүргізілді.

Сараптама төмендегі бағыттар бойынша Байқаудың белгіленген критерийлеріне сәйкес жүзеге асырылды: тау-кен өндіру және өңдеу салаларында тиімділікті арттыру; экология / денсаулықты қорғау; электр энергетикасы / жаңартылатын және баламалы энергия көздері; өндіруші салаларда цифрлық технологиялар мен тиімді инновациялық шешімдерді енгізу.

Мәре сызығына келесі 14 (он төрт) команда ү. ж. қазан айында қазылар алқасы мүшелерінің алдында өз жобаларын қорғауға онлайн режимде қатысуға шақырылады.

14 команданың тізімі
  1. Refillme – Назарбаев Университет
  2. Kókjiek – Satbayev University
  3. ECOSENSE – Satbayev University
  4. 24 Element – Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
  5. NEW WAVE – Қазақстан-Британ техникалық университеті
  6. RedOx – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  7. АнтиВАР – Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті
  8. InFlux (AirFlux) – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
  9. Naizagai – Назарбаев Университет
  10. FARMer – Павлодар мемлекеттік университеті С. Торайғыров атындағы
  11. Кислородные – Назарбаев Университет
  12. EMG team – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
  13. Katrina – Satbayev University
  14. Hurricane – Назарбаев Университет

Ұйымдастырушылар кезекті кезеңге өтпеген командаларға алғыс білдіріп, жаңа оқу жылында табыс тілейді!
Естеріңізге сала кетейік, «Student Energy Challenge» байқауының жеңімпаздарын «Шелл Қазақстан б. в.» компаниясының сыйлықтары күтеді. (10 000 АҚШ долларына дейін).

Байқау туралы ақпаратпен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады https://www.kazenergy.com/ru/operation/educational-program/156/1099/
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.