top
top
Жаңалықтар

«Student Energy Challenge» байқауының ұйымдастырушылары «Shell NXplorers» онлайн тренингін өткізді

Іс-шараға еліміздің 11 өңірінен 26 ЖОО-ның 57 командалары қатысты. Оқытуды «Шелл Қазақстан» компаниясының сертификатталған жаттықтырушылары жүргізді.

Тренинг бағдарламасы қатысушылардың сыни ойлау дағдыларын және күрделі міндеттерді командалық шешу қабілетін дамытуға бағытталған жүйелік ойлаудың, STEM-білім берудің және әлеуметтік динамиканың заманауи әдістерін біріктірді. Тренингке қатысушылардың алған білімдері мен құралдарын қолдануы болашақта командалардың толыққанды жоба төлқұжаттарын әзірлеуге және оларды байқау финалында қорғауға ықпал ететін болады.

Тренинг қатысушыларына «Shell NXplorers» сертификаттары беріледі және жобаларды қорғау кезінде командалар қосымша 3 балл ала алады. Байқаудың келесі кезеңінде командалар ұсынған жобалар жұмыстары 2024 жылғы 20 шілдеден 12 тамызға дейін тәуелсіз сараптамалық бағалаудан өтеді.

«Student Energy Challenge» байқауының ұйымдастырушылары - KAZENERGY қауымдастығы және Шелл Қазақстан. Байқау туралы барынша толық ақпаратпен https://www.kazenergy.com/ru/operation/educational-program/156/1099/ сілтемесі бойынша танысуға болады.

msg530479817-7550.jpg

msg530479817-7551.jpg

msg530479817-7552.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2025 © Барлық құқықтар сақталған.