top
top
Жаңалықтар

«Student Energy Challenge-2022» конкурсының финалы туралы

Дүниежүзілік мұнай кеңесінің "Энергетикалық алмасу: ұрпақтар сабақтастығы» VII жастар форумы қарсаңында Алматы қаласында Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғимаратында 2022 жылғы 28 қыркүйекте сағат 10.00 - ден 17.00-ге дейін "Student Energy Challenge" зияткерлік командалық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) алтыншы маусымының финалы өтті.
Биылғы жылы байқауда алтыншы рет түрлі университеттердің студенттік командаларының түрлі энергетикалық, экологиялық, инженерлік, мұнай-газ және басқа да жас ұрпақты толғандыратын бағыттарға арналған үздік жобалары ұсынылды.
Финалда өз жобаларын ұсынған және оларды конкурстық қазылар алқасы алдында қорғаған үздік 10 команда кездесті.
Марапаттау рәсімінде қатысушыларға "Шелл Қазақстан" компаниясы мен KAZENERGY қауымдастығы атынан конкурсқа қатысушылардың сертификаттары табыс етілді. 2022 жылғы STUDENT ENERGY CHALLENGE алтыншы маусымының жеңімпаздары келесі командалар болды:


- «HARDC0DE», Астана IT-университеті "Сарқынды сулардың толып кетуі, бітелу және вандализм туралы алдын ала ескертудің интеграцияланған автоматты жүйесі үшін ГАЖ-портал құру" деген тақырыптағы жобасымен
- «Energy-Intelligence», Назарбаев Университет, Астана қ. "Энергияны тиімді бөлу және қолданыстағы жүйелерді кеңейту үшін электр энергиясын тұтынудың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамы" деген тақырыптағы жобасымен

- «Solar Soul», Ғ.Дәукеев ат. Алматы энергетика және байланыс университеті "GPS-технологияларды қолдана отырып, күн панелінің трекер жүйесі" деген тақырыптағы жобасымен;
Конкурсты ұйымдастырушылар Шелл Қазақстан компаниясы мен KAZENERGY қауымдастығы атынан жеңімпаздарды құттықтайды және балаларға мақсаттарға қол жеткізуде және жобаларды іске асыруда табыс тілейді!

Анықтама:
2017 жылдан бастап "Student Energy Challenge" конкурсын "Шелл Қазақстан" компаниясымен серіктесе отырып әрі оның қаржылай қолдауымен "KAZENERGY" қауымдастығы өткізіп келеді. Байқауға Қазақстанның 40 жоғары оқу орнынан барлығы 340 команда қатысты.

Қосымша ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады: https://kazenergy.com/ru/operation/educational-program/156/1099/
Командаларды жеңістерімен құттықтаймыз!
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.